12 сәу, 2019 сағат 07:15

Талдықорған қаласының әкімі ауысты

Талдықорған қаласының әкімі болып Ғалымжан Әбдірайымов  тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Туран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы "Шығыс" колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған.

1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, "Алрай" шаруа қожалығының төрағасы, "Альтаир" ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры; 

1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры;

2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары; 

2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы; 

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы; 

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары;

2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы; 

2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары; 

2017 жылдың 15 ақпанынан сәуір айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылдың сәуірін бүгінге дейін Тараз әкімі болған.