20 қыр, 2016 сағат 16:33

Таласбек Әсемқұловтың көптомдығының тұсаукесері өтеді

Белгілі жазушы, күйші, зертттеуші, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың көптомдық шығармаларының тұсаукесері өтеді.

Аталмыш жинақтың тұсаукесер кеші Астана, Алматы қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, 21 қыркүйек күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылса, 23 қыркүйек күні Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында өтеді.

 Жазушының бес томдық жинағы мемлекеттік тапсырыспен «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрді. Оған автордың прозалық шығармалары, әдебиет пен өнер турасындағы мақалалары мен мәдениеттану саласындағы зерттеулері және кинодрамтургиядағы еңбектері енген.

Таласбек Әсемқұлов әдебиет, музыка, бейнелеу, кино, дәстүрлі өнер, тарих, этнография, мифология салаларындағы өніміді қызмет еткен қаламгер. Оның қаламынан туған шығармалар қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қосылған құнды жауһарлар қатарынан орын алады.

"Таласбек шығармашы­лығы­ның даралығы – оның қай саладағы еңбек­терінде де   ғылыми негізділік және еркін сұхбаттастық қатар өріліп отыратындығы екенін қадап айтуымыз керек. Қай тақырыпта, қай салада жазса да тізгін бермес тұлпардай жүйткіген оның жазуын­дағы тағы бір ерекшелігі – балаға да, данаға да түсінікті қарапайымдылығында. Нұрлы білімімен қатар заманға сай ойшыл­дығында. Бүгінгі заманның мәдени-рухани ахуалын зерде­лей, конструкциялай білетін жаңашыл­дығында. Яғни,  жаңа мағыналар тудыра алғандығында".

Тұсаукесерге елімідің белгілі қаламгерлері мен әдебиеттанушылар және БАҚ өкілдері мен оқырман қауым қатысады.

Астана, Ұлттық академиялық кітапханасы - 21.09.2016, сағ. 16:00     

Алматы, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы - 23 .09.2016, сағ.11:00     

Байланыс телефондары. 8 777 6934513, 8 702 9382666,

пошта: zira-n@yandex.kz