#
#
Сейсенбі 21/01/2020

Қазақстандық бес ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

  • 11.12.2019
  • 0
  • 445

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, бұған дейін біз 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылғаны туралы жаздық.

Сонымен қатар, Қазақ-орыс халықаралық университеті мен «Астана» университеті лицензияларынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Білім министрлігі алты ЖОО-дан б ұзушылықтар анықтады.

Сондай-ақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс деген еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар