22 қар, 2016 сағат 08:38

Тағы бір ресейлік теннисші жарыстарға Қазақстан атынан шықпақ

- Қазан айында 19 жастағы Александр Бублик Мәскеудегі Кремль кубогына қатысып, турнирдің ширек финалына дейін жеткен болатын, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін ресейлік теннисші Александр Бублик өзінің Instagram парақшасына спорттық азаматтығын қазақстандыққа ауыстырғанын жазды. Ол енді бірнеше жыл турнирлерге Қазақстан атынан қатысатынын мәлімдеді.

«Енді Қазақстан атынан ойнайтынымды қуанышпен хабарлаймын», - деп жазды Бублик. Әзірге, Александр Бублик АТР рейтингінде 214-орында тұр.