19 там, 2019 сағат 16:49

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы қызметінен кетті

Азамат Майтиев ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Майтиев Азамат Бақдәулетұлы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген ақпаратта.