13 мау, 2018 сағат 17:02

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы парамен ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бұрынғы шенеунікті ірі парамен ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Қарашевтың ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмысын әшкереледі. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, ол министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары Сәкенованың, Нұрекеновтың, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып жүрген. Сол үшін Қарашев олардан 10 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алып отырған. Өз кезегінде Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова қылмыстық сxеманы ұйымдастыра отырып, министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасағаны және оларды кедергісіз қабылдағаны үшін кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам пара алған", - деді агенттіктің ресми өкілі Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде алты адам қылмыстық жазаға тартылып отыр. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды. Ал Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.