05 жел, 2019 сағат 10:25

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Мұз құбылыстарына байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын. Қауіпті деңгей - 665 см (судың өзен арнасынан шығуы). Шекті деңгей - 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады.

Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.