14 қаз, 2019 сағат 21:05

Сығанақ қалашығынан алтын бұйымдар табылды

Қызылорда облысында орын тепкен Сығанақ қаласына жүргізілген қазба барысында көне қорым орындары аршылды. Сондай-ақ, ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Соңғы жылдарда Сығанақ қаласына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Археологтардың қазба жұмыстары барысында көне қорымы орындары аршылдған.

Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуованың айтуынша, кезінде қазақ хандығының басты ордасының бірі болған Сығанақ қалашығын зерттеу барысында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.

«Бүгінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар жүзеге асып келеді. Аталмыш бағдарламаның «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша облыста өңірлік қасиетті орындар тізімі толықтырылыды. Оған қоса республикалық «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинаққа біздің облыстан жалпыұлттық 12 нысан, өңірлік 60 тарихи нысан ұсынылды. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен Қышқала, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді. Биыл Сығанақ қаласына жүргізілген қазба барысында көне қорым орындары аршылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылып, бұл дүниелер ғылыми зерттеуге берілді»,- деді Мира Абуова.

Қазіргі таңда табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ, басқарма басшысы келесі жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді, яғни концерттік нұсқасын қою жоспарлануда екенін атап өтті.

Бұдан бұрын Қызылордада жастарға Қорқыт атамұрасы насихатталды.