#
#
Дүйсенбі 23/09/2019

Судьяның жаңа рөлі шенеуніктерді тәртіпке салады – Жоғарғы сот

  • 10.09.2019
  • 0
  • 114

Судьяның жаңа рөлі шенеуніктердің  мінез-құлқын тәртіпке салады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты Мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтар сотқа әділ шешім іздеп келеді. Алайда судья азаматтық процесте тараптардың ұстанымымен шектеледі, бұл оған іс бойынша «объективті шындықты» анықтауға мүмкіндік бермейді. Әкімшілік процестің басты ерекшелігі - судьяның белсенді рөлі. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, сот міндетті түрде әкімшілік органның шешімін тексеруге; егер тараптар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, істің барлық мән-жайын зерттеуге; талап-арызда жіберілген формальды қателерді жоюға; талап-арыздың мазмұнын толық анықтап оның салдарын түсіндіруге; іс бойынша алдын ала пікір айтуға міндетті», - деп түсіндірді А. Қыдырбаева Парламент Мәжілісінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының таныстырылымы барысында.

Осы орайда ол дауды сотта қарау кезінде әкімшілік органның «кінәлілік презумпциясы» бекітіледі.  Дәлелдеу ауыртпалығы шешім қабылдаған органға жүктелетін болады.

«Судьяның жаңа рөлі шенеуніктердің  мінез-құлқын тәртіпке салады, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдай жасайды», - деді Айгүл Қыдырбаева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар