27 мам, 2020 сағат 10:23

Студенттерге ЖОО ақысын төлеуге жеңілдетілген несие берілуі мүмкін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін оларға жеңілдетілген несие беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Ең маңызды мәселе - жоғары білімнің қолжетімді болуы. Мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керек деп санаймын. Яғни, үміткердің оқу жетістіктеріне ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына да назар аудару керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында. 

Сонымен бірге, Президент қолдау көрсетудің бірнеше жолын ұсынды. 

«Аз қамтылған отбасылар үшін, азаматтар мен жастардың әлеуметтік әлсіз санаттары үшін грант санын көбейту мәселесін қарастыру керек. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру - қолдаудың тағы бір түрі болар еді. Үкіметтен, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелерінен осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруді сұраймын», - деді Қ. Тоқаев. 

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.