28 қыр, 2018 сағат 11:58

Сценарий қайталанды: күдікті полицейдің әкесі әріптесінің қолынан ажал құшты

Алматы қаласында полицейдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды.

Әріптесін өлтірді деген күдікті осы жылы әкесінен айырылған. Күдіктінің әкесі Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болған, деп хабарлайды sputniknews.kz агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Полковник Бердібек Берістемовті 31 наурыз күні Талдықорғандағы қызметтік кабинетінде қоластындағы қызметкері атып өлтірді. Сол кездегі қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов марқұм мен оқ атқан азаматтардың бірге қызметтес болып қана қоймай, өмірде дос болғанын айтты. Ведомство басшысы қоластындағы қызметкердің мұндай қылмысқа моральдық-психикалық қысым салдарынан ғана баруы мүмкін екенін айтты.

Араға жарты жыл салып Берістемовтің ұлы әріптес-туысқанына оқ атты. Жәбірленуші көп ұзамай ауруханада көз жұмды. Олардың арасында тұрмыстық сипаттағы кикілжің туындаған: марқұм оқ атқан азаматтың әпкесінен, өзінің әйелінен кетіп қалған.

Аталған фактіге сәйкес, "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзіндік қауіпсіздік департаменті аталған фактіге сәйкес қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.