07 сәу, 2017 сағат 18:21

Стокгольмде жүк көлігі бірнеше адамды басып өлтірді

Швеция астанасы Стокгольмнің орталығында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді басып кетті.

Жергілікті полиция кемі екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Билік дерегінше, оқиғаға күдікті адам ұсталған.

Оқиға жаяулар көп жүретін Дроттнинггатан көшесінде болған. Полиция ол маңды қоршап алған. Ақпарат құралдары "жүк көлігі сауда орталықтарының бірін соққан болуы мүмкін" деп хабарлады.