14 нау, 2018 сағат 09:10

Стивен Хокинг өмірден өтті

Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокинг 77 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды BBC News.

Хокинг қара құрдым теориясы мен салыстырмалылық теориясы саласындағы зерттеулерімен танылған. Сондай-ақ, британдық физик-теоретик бірнеше танымал кітаптардың, соның ішінде «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы.

Хокингтің балалары - Люси, Роберт және Тим BBC-ге сүйікті әкелерінің қайтыс болғанына қатты күйзелетіндіктерін жеткізген.

«Ол ұлы ғалым және ерекше адам болды. Оның еңбектері мен мұрасы өмір бойы жасайды», деп хабарлады агенттік олардың сөздерін.

1960-жылдардың басында Хокингте бүйірінде амиотрофикалық склероз белгілері пайда болып, соның салдарынан сал ауруымен науқастанған. Дәрігерлер оған сол кезде 2-3 жыл өмір сүре алатынын айтқан. Алайда ғалым ғылыми жұмысын әрі қарай жалғастырып, екі рет үйленіп, үш баланың әкесі атанды. Мұнымен қоса, Хокинг сал ауруына шалдықса да, ғылыммен айналысып, сабақ беріп, баяндамалар оқитын.

Ол Ғаламның бастапқыда қандай болғанын және Үлкен Жарылыс теориясын зерттеумен айналысқан еді.