18 мау, 2018 сағат 09:13

Степногорскте түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәтінен видео пайда болды

Степногорскте түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны куәгер түсіріп алған. 

Видео кадрларынан автокөлік тұрағының маңында бірнеше әскеридің қарумен тұрғанын көруге болады. Қашқын делінген ер адам кадрға түсіп қалған. Ұстау сәті түсірілген фото мен видеоларды "ВКонтакте" желісіндегі "Воспитан в Степногорске" тобының қолданушылары да жариялап жатыр. 

Олардың айтуынша, күш құрылымдары қашқынды қаланың тоғызыншы ықшамауданында ұстаған. 


Куәгерлердің бірі тіпті қылмыскердің бір адамды тұтқында ұстап, пышақпен жарақат салғанын жазып жатыр. 

Абырой болғанда, полицейлер тұтқынды босатқан. 

Еске салайық, 17 маусымда кешкі уақытта Ақмола облысында аса ауыр қылмысы үшін сотталған ер адам колониядан қашып кеткен еді.