26 қаз, 2019 сағат 09:54

Спортшы қыздың хиджабы ұшып кетті: қарсыластарының әрекеті жұртты таңғалдырды

Әйелдер арасында футбол чемпионаты кезінде ойыншы қыздың хиджабы ұшып кетті. Бұл кезде қарсылас команданың ойыншылары оны қоршап алды, қыз асықпай орамалын тақты. Көрермендер қыздардың бұл әрекетіне ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Eurosport.

Twitter-де жарияланған бұл видеоны екі жарым миллион рет көрген. Бәрі қыздардың әрекетін қолдап, жазба қалдыруда.

Оқиға Иорданияда Батыс Азия әйелдер чемпионаты кезінде болған.