15 қаз, 2019 сағат 15:03

Совет одағындағы адам құқығы жайлы ақпарат таратқан Антони де Мейюс қайтыс болды

Совет одағын сақтап қалуды көздеген "Тамыз бүлігі" кезінде. Мәскеу, 20 тамыз 1991 жыл.

Совет диссиденттеріне ұзақ жыл бойы көмектескен Антони де Мейюс 90 жасында Бельгияда қайтыс болды. Ол совет ғалымдарымен, құқық қорғаушыларымен достық қатынас орнатты. 1980 жылы Совет одағынан қуылған академик, құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Андрей Сахаровтың отбасымен араласты.

Антони де Мейюс СССР-дегі адам құқығы туралы астыртын жолдармен алынған ақпаратты Батысқа таратып, Cahiers du Samizdat ("Самиздат жазбалары") шығарды.

Ол советтің жазалау психиатриясы жайлы "СССР диссиденттерінің биографиялық сөздігі, 1956-1975" кітабына енген "Ақ кітапты" редакциялады.

Антони Мейюс жайлы қазанамада Бельгияның La Libre басылымы оның 1991 жылы Мәскеудегі тамыз бүлігі кезінде Мәскеу тұрғындары бүлікшілерден тартып алған танк жанында түскен фотосуретін жариялады.

1991 жылғы тамыздың 19-ында КПСС орталық комитеті мен СССР үкіметінің 8 мүшесінен құралған топ төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрып, Совет президенті Михаил Горбочевті қызметінен тайдырмақ болған еді. Совет одағын сақтап қалуға ұмтылған бүлік үш күннен кейін жеңілген. "Тамыз бүлігінен" кейін көп ұзамай Совет одағы ыдырай бастаған.

Совет өкіметі кезінде Қазақстанда да қудаланған диссиденттер мен диссиденттік ұйымдар болған.

Азаттық