24 нау, 2017 сағат 11:26

Сондерс Геннадий Головкинге: Уақыт жоғалтпай, іске кірісейік!

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинмен болатын айқастан түскен қаржысын не істейтінін айтты және қазақстандыққа сәлем жолдады, деп хабарлайды Sports.kz ESPN-ге сілтеме жасап. 

«Менеджерімнің келіссөздер туралы айтқаны менің көңілімнен шықты. Мен бұл айқастың ақша үшін емес, сынақ үшін болғанын қалаймын. Осы айқастан тапқан әрбір пенниімді әкеме беремін. Өзім бір тиын да алғым келмейді. Мен рингке шығып, әлемнің қателесіп жатқандығын және өзімнің қауқарымды дәлелдегім келеді және бұл үшін Головкиннің маңынан жақсы орын жоқ. Бұл менің тұла бойымдағы алау отын одан әрі тұтандырады. Кеше Джейкобспен болған айқасты көрдім. Мен Головкинді ренжітіп, жеңіске жетемін деп ойлаймын. GGG-ді жеңудің жолын білемін, сондықтан айқасты соңына дейін көрген жоқпын», - деп атап өтті Сондерс.

«Головкинге қарсы тұру үшін ақылды болу керек. Ол мен секілді шебер боксшымен жұдырықтаспағанына сенімдімін, - деді Сондерс.

«Оған айтар сәлемім: сен барлық белбеуді қалайтыныңды айта беруің мүмкін. Алайда, енді не әрекет ететін уақыт келді. Сен менімен маусымда жекпе-жекке шығатының немесе шықпайтының туралы нақты шешім қабылдауың керек. Менің есімімді атап өтіпсің, сондықтан мен айқасуға қуана келісім беремін. Уақыт жоғалтпай, іске кірісейік!».