19 сәу, 2017 сағат 09:01

Солтүстік Корея АҚШ-ты "қалай жойғанын" видео арқылы көрсетті

Солтүстік Кореяда мемлекет басшысы Ким Ир Сеннің туылғанына 105-жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада АҚШ-қа жасалған зымыран соққысының видеофильмі көрсетілді, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Видеороликте жаңа баллистикалық зымыранның ұшырылған сәті көрінеді. Зымыран мұхиттан өтіп барып, АҚШ-қа соққы жасайды. Ал келесі кадрлардан Американың өртеніп жатқан туын көруге болады.

Басылымның мәліметінше, іс-шара барысында жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыран таныстырылды.


Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, КХДР 25 сәуірге дейін алтыншы ядролық сынақты өткізуі немесе зымыран ұшыруы мүмкін. АҚШ өкілдері болса "күшпен бейбітшілік орнатуға" және КХДР-ге барынша жауап қайтаруға дайын екенін айтты. 

"Америка арандату әрекеттерін жасайтын болса, біз де тез арада оларды жаппай талқандаймыз, жаппай қырғын соғысқа жаппай қырғын соғыспен, ядролық соғысқа ядролық соққымен жауап береміз", - деген еді Корей билігіндегілер мұның алдында.