13 қар, 2019 сағат 10:52

Солтүстік Қазақстанда ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қараша - күндіз, 14 қараша - тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі.

14 қарашада солтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

13-14 қараша күндері Петропавл қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. 14 қарашада солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.