21 мау, 2018 сағат 19:46

"Соққысы ат тепкендей. Ол құбыжық". WBС чемпионы Головкиннің күші туралы ойын айтты

Жартылай ауыр салмақта WBС тұжырымы бойыша бокстан әлем чемпионы, украиналық Александр Гвоздик #отдушивдушу жобасына берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің соққысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин несімен мықты? Соққысы ат тепкендей. Жол тегістейтін көлік сияқты басып өтеді, ол машина алға ғана жүреді ғой. Сондықтан қозғалмай тұрсаң, жағдайың жақсы бола қоймас. (күледі) Ол расында бір құбыжық секілді", - дейді Гвоздик.

Еске салайық, Головкин алдағы күндері Қазақстанға келмек, ал келесі аптада АҚШ-қа қайтып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жекке дайындалады. Бокс кеші Лас-Вегаста 15 қыркүйекте өтеді және HBO  арнасында ақылы трансляциялыр жүйесі арқылы көрсетіледі.