03 сәу, 2020 сағат 17:34

СҚО-да COVID-19 жұқтырған 7 адамның үшеуі аудандарда, біреуі облыс орталығында анықталған

Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" coronavirus2020.kzсілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 сәуірде COVID-19 жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Тайынша ауданында-2, Қызылжар ауданында-1, Петропавл қаласында - 4 науқас тіркелген. Оның 2-і ауру жұқтырған пациенттермен байланыста болғандарды тексеру барысында анықталды.

Қазіргі уақытта пациенттер оқшауланған және ем алуда.

Осы азаматтармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өңірде коронавирус індетімен жалпы 18 адам тіркелген.