24 там, 2019 сағат 04:05

Скарлет Йоханссон әлемдегі ең көп ақы төленетін актриса атанды

Forbes журналы әлемнің ең көп ақы төленетін актрисаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".  

Рейтинг бойынша Скарлет Йоханссон лидер атанды.

Сарапшылардың деректеріне сәйкес, ол 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусымына дейін $56 млн табыс тапқан.

Актрисаға ең басты кіріс Marvel кинокомпаниясынан бұйырды.

Атап айтқанда, Скарлет Йоханссон қомақты соманы өзінің «Қара жесір» фильмінен тапты, ал «Кекшілдер» фильміндегі рөлі үшін $35 млн гонорар алды.

Сондай-ақ, тізімге София Вергара ($44,1 млн), Риз Уизерспун ($35 млн), Николь Кидман ($34 млн), Дженнифер Энистон ($28 млн) және Кейли Куоко ($25 млн) енді.

Алғаш рет рейтингке өткен жылы екінші орын алған Анджелина Джоли, Джулия Робертс, Кейт Бланшетт және Дженнифер Лоуренс кірмей қалды.

Олардың орнын Элизабет Мосс ($24 млн) және Марго Робби ($23,5 млн) толтырды. Ондыққа Шарлиз Терон ($23 млн) және Эллен Помпео ($22 млн) да енді.

Еске сала кетсек, 21 тамызда Forbes жылсайынғы әлемнің ең көп ақы төленетін актерлер тізімін жариялаған еді. Дуэйн Джонсон биылғы жылғы ең бай актер атанды.