10 ақп, 2017 сағат 08:21

"СҚ-Фармация" ЖШС-ға 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

"Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы органы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттарды сатып алу және халықты олармен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютор болып табылатын «СК-Фармация» ЖШС-ның үстем монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісін анықтады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана қаласы соттарының заңды күшіне енген шешімдерімен 2010-2015 жылдар аралығы кезеңінде «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын бірыңғай лотпен заңсыз жүзеге асырғаны аңықталды. Осылайша басқа да нарық субъектілеріне осы қызметтерді көрсетуге қол жеткізуін шектеді. Сондай-ақ, «СТОФАРМ» ЖШС лоттардың жеңімпаздарына қосымша міндеттерді негізсіз таңуы аңықталды»,- деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігіне.

Ведомство ақпаратына қарағанда, бұл әрекеттер тауарларды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында бәсекелестікті шектеуге ғана емес, көрсетілген қызметтер құнының өсуіне де алып келуі мүмкін. Сот салған әкімшілік айыппұл сомасы 1,3 млрд. теңгені құрады.