04 қаң, 2018 сағат 10:21

«СК-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысының қамауға алу мерзімі ұзартылды

«СК-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Максим Касаткинді қамауға алу мерзімі 15 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Астана қаласы, Алматы ауданына қарасты №2 соты күдікті Максим Касаткиннің қамауға алу мерзімін 2018 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартты», - деп жазылған астаналық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұрын айтылғандай, Максим Касаткин 2017 жылдың 15 қыркүйегінде ұсталған болатын. Қазір құқық қорғау органдары оның 2015 жылы медициналық мақсаттаға дәрі-дәрмектерді сатып алуға байланысты жүргізген жұмыстарының заңдылығын тексеру үстінде.