15 мам, 2018 сағат 16:22

Сириялық оппозиция келіссөздердің Астанада жалғасуын қалайды

Сирияның қаруланған оппозициясы сириялық реттеу бойынша келіссөздерге тек Астанада ғана қатысатындығын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Kazakhstan.

"Келіссөздердің тек Астанада ғана жүргізілгенін қалаймыз. Басқа жерге бармаймыз", — деп мәлімдеді сириялық оппозиция делегациясының басшысы  Ахмед Тоама жалпы отырыста.

Астанада 14-15 мамыр күндері Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды өтті.

Қорытынды бойынша ортақ мәлімдемеде кепіл елдер – Иран, Ресей және Түркия келесі раундтың биыл шілде айында Сочиде өтетінін айтқан.