09 қаң, 2019 сағат 21:52

Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операциясы (Видео)

6 қаңтар күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елге қайтарылды.

Айта кетейік, 5-6 қаңтарда ҚР Қарулы күштерінің арнайы жасағы «Жусан» әскери операциясын өткізді.

Олар 5 қаңтар күні Ақтау халықаралық әуежайынан ұшып шыққан-тын. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды. Қазақстандық күштер эвакуация орнына 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, әскерилер оларды тамақтандырып, қолдарына кітаптар мен ойыншықтар береді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізген.

Отандастарымыз мінген борт Ақтауға 6 қаңтар күні түнгі екі шамасында қонған.