09 мау, 2017 сағат 17:56

Сирияда қоршауда қалған жігіт анасынан кешірім сұрап, видео жолдады

Қырғызстанның Zanoza.kg сайты әскери қимылдар жүріп жатқан аумақта түсірілген видеоны жариялады. Онда қырғыз тілінде сөйлейтін жас жігіт Сирияға соғысуға келіп, қателікке ұрынғанын айтады.

«Менің уақытым аз, бізді қоршап алды. Бізден екі квартал төмендегілердің бәрін қиратты. Мен тірі қалмайтын сияқтымын. Мама, осы жерге келгенім үшін кешірім сұраймын. Олар бейкүнә балалар мен әйелдерді зорлап жатыр. Соғыс не үшін және кім үшін болып жатқанын түсінбеймін, бұйрықты кім беріп жатқаны белгісіз. Бұл біздің соғыс емес, менің соғысым емес. Мама, кешіріңізші мені», - дейді ол дауысы дірілдеп.

Видео 7 маусым күні белгісіз жерде түсірілген.

Қазір видеоны елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп жатыр.

baq.kz