#
#
Жексенбі 25/08/2019

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы тамызда өтеді

  • 19.07.2019
  • 0
  • 523

2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ сілтеме жасап.

Алдағы кездесуде кепілгер елдері, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі  мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирақпен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын-ала консультациялардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар