25 жел, 2017 сағат 15:34

Синоптиктер Жаңа жылда ауа райы қандай болатынын айтты

«Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Қазақстанда Жаңа жыл кешіндегі ауа райына қатысты синоптикалық болжаммен бөлісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жаңа жылдық ауа райына келер болсақ, Қазақстанның барлық облыстарында тұрақты әрі жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Батыста ауа температурасы 10-15 кей жерлерде 20 градус, солтүстік аумақтарда 20-25 кей жерлерде 28, шығысында 20-25 кей жерлерде 30 градус, оңтүстікте - 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақыттырда тұман түседі», - дейді "Қазгидромет" РМК қысқа мерзімді болжамдар бөлімінің басшысы Ардақ Калменова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ардақ Қалменова Қазақстанда 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталатынын хабарлаған болатын. Аталған күннен бастап Сібір антициклоны ықпалын тигізіп, ел аумағында ауа температурасы төмендейді.