20 сәу, 2018 сағат 12:10

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Суық циклонның атмосфералық фронттары Қазақстанға ығысып келеді. Оның әсерінен батыста, содан кейін солтүстікте және 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр болады.

Оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік облыстарда жаңбыр, кей уақытта қар аралас жаңбыр мен тұман түседі. 

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дабылды ескерту жарияланды, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.