12 қар, 2019 сағат 16:05

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні - 18 м/с.