14 қыр, 2018 сағат 09:26

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктердің болжауынша алдағы 15-17 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның көптеген облыстарындағы ауа райына антициклон ықпал етеді. Солтүстік Сібірден ығысқан салқын ауа ағыны жауын-шашынсыз болғанымен температурасы климаттық нормадан деңгейдегі салқын ауа райын сақтап қалады.

Республиканың шығысында тек дүйсенбі күні кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал, сондай-ақ, Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысқан циклон келген кезде еліміздің батыс өңірлерінде жаңбыр жауады.