08 қаз, 2018 сағат 13:18

Шымкенттен сайланған сенаторлар белгілі болды

Бүгін ҚР Орталық сайлау коммиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен комиссияның отырысы өтті. Шара барысында Шымкент қаласынан Сенатқа депутат болып сайланған азаматтарды тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірінші, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды деп танылсын. Екінші, Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатының сайланған депуттары болып есептелінсін: 2014 жылғы 1 қазанда сайланған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған ҚР Парламенті Сенаты депуттарының өкілеттік мерзіміне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров. Үшінші, 2018 жылғы 5 қазанда болған Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенаты депуттарын сайлаудың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға сай жариялансын», - делінген қаулыда7