#
#
Сенбі 24/08/2019

Шымкентте жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті (Фото)

  • 11.02.2019
  • 0
  • 841

Шымкентте жеке тұрғын үйлердің бірінде артиллериялық снаряд жарылып, салдарынан екі адам зардап шекті. Жансақтау бөліміне түскен оларға дәрігерлер шұғыл ота жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиғаға қатысты нақты деректерді ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты.

«11 ақпан күні Шымкент қаласының екі тұрғыны ескі үлгідегі артиллериялық снарядтың жарылуы салдарынан түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.  Жарылыс  екі тұрғынның бірінің снарядты арамен кесуінен орын алған. Олар оны металл қабылдау орнына өткізбек болған,  - деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қалалық полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, сонымен қатар өзге де мемлекеттік органдардың мамандары мен  қызметкерлерінен жасақталған жедел тергеу тобы жарылыс орнын қарау барысында дәл сондай артиллериялық снарядтарды тапқан.

«Зардап шегушілердің туыстарының айтуынша, оқ-дәрілер түн ішінде Арыс қаласынан металл ретінде өткізу үшін әкелінген. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан алынғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алмас Садубаев.

Жарылыс қаладағы Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Осы ауданның тұрғындары таңғы сағат он жарым кезінде қатты жарылыстың үнін естиді.

"Қатты қорқып кеттік. Үйдің жан-жағын жарты сағаттың ішінде полиция қоршауға алды", - дейді Салима Өскенбаева есімді тұрғын.

Таңғы сағат он бірден бастап оқиға орнында полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен әскерилер жұмыс істеген.

Жарылыс болған үйде жас отбасы үш баласымен бірге тұрады. Таңертең әйелі жұмысқа кеткен, ал екі бала балабақшада, біреуі мектепте болған. Отағасы үйде жалғыз қалған екен. Жарылыс кезінде зардап шеккен екінші адамның кім екені әзірге белгісіз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар