24 қаң, 2020 сағат 08:30

Шымкентте басқарма басшысының орынбасары ұсталды

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол «Hyundai Wacortec Life» ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.