09 шіл, 2019 сағат 12:23

Шымкент қаласында 2023 жылға қарай 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қаралды. 

Шымкент қаласын дамытудың Кешенді жоспарының негізгі бағыттары мен іс-шаралары туралы қала әкімі Ғ. Әбдірахымов баяндады. Кешенді жоспарда 10 бағыт бойынша 89 іс-шараны іске асыру қарастырылған.

«Бюджетке жүктемені азайту үшін жеке инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікке барынша назар аударылды. Мәселен, егер Жоспарды іске асыру үшін 1 284 млрд теңге қажет болса, оның 836 млрд теңгесі жеке инвестициялар есебінен іске асырылады, 68,1 млрд теңгесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру көзделген», - деді Шымкент қаласының әкімі.  

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» блогында 30 іс-шара қарастырылған. Қала халқын жылумен, электр энергиясымен, газбен қамтамасыз ету үшін АГРС-3 және АГРС-6 электр шағын ст нацияларын салу жоспарланған. 

«Көлік инфрақұрылымы» блогы бойынша 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған, онда әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалы салу, автомобиль жолдарын салу мен қайта жөндеу, сондай-ақ Шымкент қаласындағы оңтүстік айналма автомобиль жолына жоспарланған автожол көпірін салу қамтылған. 

«Тұрғын үй құрылысы» блогында әкімшілік, іскерлік шағын аудандарда, «Шымкент сити», «Тұран», Қошқар ата өзенінің бойында көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген.  2023 жылға дейін барлық қаржыландыру көздері арқылы 319 көп қабатты үй (20 794 пәтер немесе 2 109,3 мың м2) салу жоспарланған. Бұл шғын аудандарға инженерлік желілер тартылуда. 

«Білім беру» блогы бойынша 23 500 орындық 15 мектепті салу қарастырылған, бұл 2023 жылға қарай үш ауысымдық мектептерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептер санын арттыру көзделген. 

«Спорт» блогы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын адамдарды қамтуды 2023 ж. қарай  30%-ға арттыруы тиіс үш жобаны іске асыру жоспарланған. Оның бірі - Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион реконструкциясы, ол UEFA және IAAF стандарттарына сай келетін болады. 

«Мәдениет» блогы бойынша Конгресс орталық пен «Цитадель» музейін салу бойынша 2 ірі іс-шара жүзеге асырылады. 

Денсаулық сақтауды дамыту аясында жеке инвестициялар есебінен 1000 орындық көпбейінді аурухананы салоу жоспарланған. Бюджет қаражаты есебінен 13 бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек орталығы салынады. 

«Абаттандыруды дамыту» блогы 4 іс-шараны қамтиды: велосипед және жаяу жүргінші жолын салу, Шымкент сити тұрғын үй алабында аумағы 47 га болатын саябақ салу, қала аумағында жасыл көшеттер саны мен жасыл желектерді көбейту.

Баяндамасын қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша 2023 жылға қарай ЖӨӨ 3,5 трлн теңгеден асады деп күтіліп отырғанын айтты, өнеркәсіп көлемі екі есеге өсіп, 60 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. 

Кешенді жоспардың қала мен жалпы ел экономикасы үшін әлеуметтік-экономикалық әсері туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жалпы өңірлік өнім көлемі 2 трлн теңгені құрады. ЖІӨ республикалық көлеміндегі үлес салмағы — 3,4%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,1 млн теңгені құрайды. Еңбек өнімділігі — 4,4 млн теңгеден астам. Мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта жөндеуге инвестицияларды ескерумен инвестициялар көлемі 588 млрд теңгеге жетті. Жергілікті экономика құрылымында 26,5% - өнеркәсіпке, 58,4% — қызметтерге тиесілі, оның ішінде 15,4% - сауда саласына. 

Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары қалаға жаңа даму серпінін беруге бағытталады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жоспарды жүзеге асыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді: 

  • орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 93%-дан 98%-ға дейін өседі;

  • табиғи газбен қамтылуы 92%-дан 98%-ға дейін өседі;

  • қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 59,4%-ға дейін ұлғаяды. 

Қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс және сауда секторларының үлесін арттыру күтіледі. 

Бұл көлемді қамтамасыз ету үшін инвстициялар деңгейі 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ 30%-на дейін немесе жылына 10 трлн теңгеге дейін жеткізіледі. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 есе көп. 

«Шымкенттің экономикалық әлеуеті зор. Инфрақұрылымға, энергетикаға, туризмге және қызмет көрсету секторына біршама инвестиция салынады. Мұның бәрі жылына 5,5%-ға өңірлік экономиканың нақты өсімін қамтамасыз етеді. Бұл республикалық мәнінен жоғары (4,2%). Экономикалық белсенділік тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етеді», - деп түйіндеді Р. Дәленов.