22 қаң, 2020 сағат 13:20

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолын қар көшкіні басып қалған, - деп хабарлайды деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 «22 қаңтарда «Өскемен-Алтай» тасжолының 64-ші шақырымындағы 350 текше метр жерді қар көшкіні басқан. Осының салдарынан жол жартылай жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Казақавтодор» ЖШС қар тазалау жұмыстарын жүргізуде» делінген хабарламада.

Осыған дейін құтқарушылар 20-26 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі бар екендігін ескерткен.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, екпіні секундына 28 метрге дейінгі жел соғады деп күтілуде.