29 қар, 2016 сағат 16:26

Шығыс Қазақстан инновация саласында ең үздік өңір деп танылды

-   ҚР Инвестиция және даму министрлігі жүргізген ұлттық инновациялық байқаудың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан «Ең инновациялық-белсенді өңір» номинациясына лайық деп танылды, деп хабарлады өңірдің ақпараттық орталығына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Инновация байқауы Қазақстанда 2005 жылдан бастап өтіп келеді. Сол уақыттан бастап оған елдің барлық өңірінен 5000-нан астам инноваторлар қатысты. 2016 жылы номинацияның әр түрі бойынша үздік жобалар айқындалды. Оның бірі «Ең инновациялық белсенді өңір» аталымында жеңімпаз атанған Шығыс Қазақстанда  инновациялық кәсіпорындар саны көп, гранттар алуға берілген жобалар мен өтінімдер қолдау тапқан.

«Ең инновациялық белсенді өңір» номинациясы өңірлер ішінде бәсекелестікті ынталандыру және құру, сондай-ақ инновациялық әлеуетті, инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту мақсатында және ҚР инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін жобаға енгізілді. Дәстүр бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Орта мектептер оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасында үздік инновациялық жоба», «Үздік рационализаторлық ұсыныс» атағы берілді.