07 сәу, 2017 сағат 08:59

Шварценеггер EXPO-2017 көрмесіне келуі мүмкін

Голливудтық актер, саясаткер әрі бодибилдер Арнольд Шварценеггерді Астанада өтетін халықаралық EXPO-2017 көрмесіне шақырды. Бұл туралы Instagram желісіндегі "За тебя, Баке" (ZTB_video) тобының парақшасында жарияланды. 

Халықаралық көрмеге актерді шақыру мүмкіндігі Қазақстанда Street Workout Федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов пен "Болашақ" бағдарламасының стипендианты Салтанат Керімбаеваға түсті.

Паблик парақшасында Шварценеггердің Қазақстанның астанасында өтетін көрмеге қызыққанын жазды. Бадургов өз парақшасында шақыртуды 6 сәуірде Оңтүстік-Калифорниялық университетте мектептен кейінгі білім алу үшін өткен Ұлттық Саммит 2017 кезінде берген. Шараны ұйымдастырушысы әрі бас спикері Арнольд Шварценеггердің өзі болған.

kaz.tengrinews.kz