23 жел, 2016 сағат 11:24

Шумерлер (маялар) қазақтың рулық шежіресінде

«Бірінші ел (мемлекет), яғни осылай деп аталуға лайық» өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық... Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді», ...«кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты» (Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасыр. «Кәдімгі тарих»).

 

       Адамзаттың ең алғашқы ұлы мәдениетінің айшықты айғағы ретінде сақталып бүгінгі күнге жеткен ең ежелгі «Авеста» жазбасы да біздің аталарымыздың арасында, яғни атап айтқанда бүгінгі Қазақ даласында дүниеге келген. Ол жайлы Б.Қ. Албани өзінің «Қазақия» атты еңбегінде:

       «Орта Азияда ықылым заманнан бері адамзат ұрпағының шарлаған ізі жатқанмен оның жазба деректері б.з.б. 7-6 ғасырларға жатады. Осы дәуірден бізге жеткен бірден-бір көне жазба-тарихи ескерткіш - «Авеста». Бұл зороастризм діни уағызының жинағы - Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Азербайжан,  Қазақстан халықтарына ортақ мұра. Үндістандағы  парсылар күні бүгінге дейін діни уағыз ретінде пайдаланып келе жатыр. Қолжазба жиырма бір кітаптан тұрады, мұның бізге төрттен бір бөлігі ғана жетті, екі көшірме нұсқасы сақталған (60 бет). 

       Қазіргі ғалымдардың көпшілігі «Авестаны» б.з.д. 1-мың жылдықтың 1-ші жартысында Орта Азияда не Солтүстік-Батыс Ауғанстан мен Солтүстік-Шығыс Иранға көрші аймақтардың бірінде пайда болды деп есептейді». Бұл пікірге тоқтала келіп, өткен ғасырдың 40-жылдарында С.П.Толстов «Авестаның» пайда болған жері Орталық Азия, анығырақ айтқанда Хорезмде дүниеге келген деген пікір айтқан. Бұл ғалымның ғылыми тұжырымының дұрыс екенін, кейінгі жылдарда Орталық Азиядан деректер дәлелдейді.

       Қазақстан археологтары кең көлемде обаларды (қорғандарды) зерттеп «Авестада» жазылған сол кездің салты бойынша жерленген адамдардың қаңқалары, қоса жерленген марқұмның дүниелері табылды. Сол кездің қоныстарын қазғанда қоладан, темірден, қыш бұйымдарға басылған свастика таңбасы бар жәдігерлер табылуда. Соған қарағанда, ертедегі түріктердің абалары осы арийстер болуы мүмкін» деп жорамал жасайды (Алаш жорналы №1 (22), 2009).

       «Хорезм» Қазақ даласының бір пұшпағы Маңғыстаудан бастау алады.  Ежелгі Қазақтар Хорезмді Қаразым деп атаған. Қазіргі Түрікпен жеріндегі ежелгі патшалық Хорезм деп аталса, Манқыстауда Қаразым деген жер мен осы аттас атты көне әулие (қорым) бар. Жер бетіндегі барлық Қаралардың тегі Маңғыстаудағы Түпқарағаннан (Қарағантүптен, Қаралардың түбінен) бастау алады. Сол Қаралардың бәрінің аталары Қараман Атаның моласы да осы Маңғыстауда. Бұл қорым Маңқыстаудағы ең ежелгі қорымдардың қатарына жатады.

 

       «Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, ол алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.

        Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста»1 деген кітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған «Авеста» жырларының авторы Заратуштра («Кәрі түйеші» деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.

        Шамамен алғанда, адамзат  тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. «Авестаның» сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.

        Басында айға, күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар «турлар» деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар «Авестада» «сайримдер», «дахтар» деген тайпалар туралы да айтылады.

        Tурлар (Түріктер, Тұрандықтар М.Қ.) мен арийлер (Арыстар М.Қ.)) арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл «әнұрандағы» кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған.

        «Авестадағы» Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның бақташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр» (Көне парсы деректері. «Ежелгі Қазақстан тарихы жазба деректерде»).

 

       «Көненің көнесі, біздің заманымыздан бұрынғы екінші мың жылдықпен бірінші мың жылдық арасында дүниеге келген  пайғамбар Заратуштра негізін қалаған зороастризм дінінің қасиетті жазбасы – Авеста. Бұл  Авеста тілінде жазылған қасиетті кітапты - өсиет жырды қолға алғанда, зиялы адамзат тамағын жерге қояды. Олай етпейінше, біздің жыл қайырумыздан мың жыл бұрын адам баласын жақсылыққа, қайырымдылыққа баулыған    болып келеді. Ауызша тараған дегенім: көне ирандықтар жазуы шайтан Анхра-Манның ісі, онымен қасиетті сөзді қорлауға болмайды деп, Авеста жырын қазақтың батырлар  жыры сияқты, жаттап айтып, атадан балаға қалдырып келген. Осының өзі түркі тілінде ғана сақталғандықтан, сол Заратуштрамызда Сақ тұқымы біздің арғы тегіміз емес пе, деген ой туындайды. Сол уағыз-өсиет сөз мың жыл өткеннен кейін ғана хатқа түскен.

       Ирандықтар заратуштра сөзінің төркінін іздеп, Авестадағы мал-жан, жер-су, ел атауларын тергей келе, «Атан түйе» немесе «Кімнің нары қоңсыз» деген балама іздейді. Мен айтар едім: Авеста - Әбес емес пе? Түркі елдеріне әбестік – жатты жатырқау, тәрбиенің әбестігі деген ұғым бар ғой, яғни оғаш, ерсі, өрескел істер  -   Авестада тергеген аттар, табу сөздер баршылық. Тарихшылар Заратуштраны Иран халқының шығыс аймағын мекендеген дейді, олай болса, оның шығысымен түркі халықтары шектеспей ме?» деп ой  толғайды Б.Қ.Албани. (176 бет).

 

       Өте дұрыс пікір! Бұл жазбаны біздікі деп төмендегідей себептермен батыл айта аламыз:

 

       - Біріншіден, осы деректерді жерсіндірер болсақ: «Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан» делінеді. Каспийдің шығыс-солтүстігі Қас би мен Арал теңіздері аралығын алып жатқан ұланғайыр аймақ, бастауы  бүгінгі Маңғыстау өлкесі.  Арий тайпасы деп қазақтың үш арысы айтылады. Ежелгі Спитама руының бүгінгі ұрпақтарын білу үшін, ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбірін көмекке шақырамыз. Таптық па? Біз бұл атаудан бүгінгі қазақтың қарашаңырағы (кенжесі) Бекарыстан тарайтын Жетірудың құрамындағы Тама атамыздың есімін (руының атауын) көреміз.

        Түсініктеме: Тамалардың негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресей Федерациясының Орынбор облысы. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында тамалар шоғырлана орналасқан.

        Бұлар жайлы мәліметті Рашид Ад Диннің Мұңал (моңғол) тайпаларының ішіндегі Енисей қырғыздары арасын мекендеген Тама (тума, тумэте) бар дегенінен көреміз. Тума (Тама) қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да бар. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыққан делінеді. Қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар.

       Тама руында Есенгелді, Жабал және Жөгі деген үш тармақ бар. Рулық таңба белгісі: Қос әліп, яғни қыпшақтардың таңбасымен бірдей. Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысын мекендеп келеді.

       ХҮ-ХҮ1 ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы Дешті-Қыпшақта, Қазан хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Қазан қаласын (қазіргі Татарстан) орыс басқыншыларынан қорғауда жан аямай шайқасты.  «Шора батыр» жыры ел арасына кең тараған.  Осының бәрі тамалардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура». Қарабура Әз әулиені күні кешеге дейін бүкіл мұсылман баласының арасында білмеген жан болмаған. Түйелі ауыл, Қарабура, Қаратүйе-Маната, Бурабай (Боровое) бәрі бір қайнардан. Қазіргі қазақтың Ұлы Жүзі, Аға арысында Түйе деген атаудың «авторлық» құқығы жатыр. Түйенің сөз түбірі (өз түбі) Үй (Үйсін) болатыны осыдан.

 

       -  Арий тайпасы (Арыстар) – қазіргі Арыстардың атасы қазақтың үш арысы (Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс), Сегіз арыс Адай (Тәзіке, Қосай, Құнанорыс (Рысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Бұзау, Тобыш, Мұңал), Арап (Ар апа), Парсы т.т.. Қазақ даласының оңтүстігіндегі Арыс, Қазақтың Қап тауы (Капқаз) сырты еліндегі Аракс, Ардон  өзендері атауы т.т. яғни сөз түбірінде (өз түбінде) «Ар» деген сөзі бар елдер мен топономикалық атаулардың бәрі солардан қалған. Қараман Ата есімі түбірінің де Ар болатыны осыдан.

 

       -  Турлар – бүгінгі Түрік аталған халықтардың атасы. Маңғыстауда солардан қалған Тұр, Тұран, Бел-Тұран (нағыз Тұран) атты топономикалық атаулар сақталған.  Бұл атаулар Түрік елінің шыққан тегін дәлдеп, айқындап көрсетіп тұр. Түріктің толық мағнасы Тұр жігі, яғни Тұр руы деген мағына береді. Ақ Кетік – Ақ Кете жігі (руы), Бөрік - Бөрі жігі (руы), Бөржігін – Бөрі жігінің (руының) баласы т.т. болып кете береді. Әйгілі Шыңғыс қаған руының Бөржігін деп аталып жүргенінің сыры. Маңғыстауда осы аттас микротопоним күні бүгінде де бар.

 

       -  Сайрим – бұл тайпадан Маңғыстауда Сайқұдық, Сайқұй, Сайын, Сайөтес, Сайтанғара атты микротопонимдер бар. Оңтүстік Қазақ жеріндегі «Сайрамда бар сансыз бап» делінетін Сайрам қаласы да солардан қалған.

           Сай-рим дегеніміздегі екінші буында тұрған Римнен, Рим империясының негізін кімдердің қалағанын айқын көре аламыз. Қара: (21.04.2016 жылы «Новая история: Рим основали казахи»  «Караван» (http://www.caravan.kz/news/novaya-istoriya-rim-osnovali-kazakhi-365506/), «ГОМЕР – АДАЕЦ, А РИМСКУЮ ИМПЕРИЮ ОСНОВАЛИ КАЗАХИ» «7 нюст. Кз»).

 

       -  Дахтар (Дай-дахтар) – бүгінгі Маңғыстаулық Қаз Адайлардың арғы аталары ежелгі жазбалар да осылай аталған. Дайдан – Адайды, Дахтан – Ақпандарды (Сақтарды) айқын көре аламыз. Еске ұстайық! Атам Қазақтың сөз жасау қағидасында сөз түбірі, яғни өз түбі ешқашан жаңылысып көрген емес.

 

       -  Шумерлердің өмір салты, кәсібі, қару-жарағында, діні мен діни ғұрыптарында, тілінде қазақтардан еш қандай айырмашылықтары жоқ.

 

       - «Авеста» жыры қазақтың Батырлар жыры, шежіре, өсиет, толғаулары сияқты жатқа айтылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген. Қазақтан өзге ел шежіре-тарихты жырмен жазбайды.

 

       - Жырдағы атаулар қазақ тіліне тән.  Мысалы: мына бір дерекке, Ұраның үшінші әулетіне, яғни Шумер мен Аккад (б.з.б. 2112-1997) патшаларының есімдерін оқып көрейік: Ур-Нам-му, Шульги, Бурсуэн, Шу-Суэн, Ибби-Суэн. Осындағы патшалар есімін бүгінгі қазақ еліндегі Суан тайпасының атауымен-Бүр Суан, Шу Суан, Ибн-Суан деп оқып, одан ары қарай Дудуды-Дүлу-Дулат, Ярлағанды-Жарлаған, Ур-Бабаны-Ұр Баба, Урукты-Ұрық, Урнгарды-Ұрынғар, Шу-Суэнды-Шу Суан, Агумды-Ағым, Бурна-Бурашты - Бура  Бораш, Кадамшан Эллильді-Қаз адам елі, Абад-шум-единді-Адад Шу елі, Забаба-шум-иддинді-Забаба шу елі, Нұр-Ададты-Нұр Адад деп оқысақ шындықтан алшақ кете қоймаспыз. Оданда басқа, Қара – Асаба руынан шыққан Тұран жауынгері,  Қарапандар – Зороастра дінінің дұшпандары. Арватаспа  (Арбатаспа) – Вистаспаның әкесі, Заратуштраны қорғаушы, қазақта осыған ұқсас Қазараспа, еспе, терең еспе (құдық, Маңғыстауда) деген сөздер бар. Жамаспа – Виштаспа патшаның кеңесшісі. Керсаспа – Иран батыры. Варна – ел, Болгарияда Варна қаласы бар, қазіргі Одессаның атауы да бұрын Варна деп аталған, бұл сөздің қазақшасы арна-сай дегенді білдіреді, Оңтүстік Қазақстан облысындағы үлкен су қоймасы Арнасай деп аталады. Аша – шындық (күні бүгінде де бұл сөз таза шындық деген мағынада қолданылады. Ар-Ти  -  тәртіп, шындық, әділеттілік, бұл сөздің түбірі арсыздықты тый. Аши – тағдыр (жаны ашиды, жаны ашымайды). Ашу – ыза (ашулану, ызалану). Атвид – Траттаоның атасының есімі, «Шахнамада» - Атбин, қазақшасы – Атби. Вара – Асабан руынан шыққан жауынгер, Вараның түбірі ар (арын қорғаушылар), ал Ас – Алшынның лақап аты емес пе? Сахнавақ – Йиманың қарындасының есімі, қазақшасы – Сақыпауақ. Соғды, Соғдиана – Заравшан өзенінің төменгі ағысындағы аймақ. Хара – аңыздағы тау сілемі, жерді қоршап жатады, бұл сөздің де түбірі Ар, демек қоршап-қорғау десек, екеуі де бір мағынада болып шығады. Ал, оның қазақ жеріне, оның ішінде Манқыстауға қатысты топономикалық айғақтамасы  Манқыстаудың және Сыр өңірінің Қаратау атты тауы.  Арты осылай жалғасып кете береді.

 

    -  «Авестада» Бесқонақ жайлы деректер бар. Мұны «Авестаның» жазылу тегі ежелгі Қазақ даласында екендігінің бұлтартпас айғағы деуге әбден болады. Аталаларымыздан қалған сөзде «Бесқонақ дегеніміз өткен жылдың жаңа жылға қонақ бес күні» - делінеді.

 

    -   Қазақтың апталық күн санауы да «Авеста» да жазылған. Онда «сәрсенбінің сәтіне», «сәтті күн» деген ұғымдар кездеседі.

 

    -  Олар өздерін «Қарабастылар» деп атаған. Маңғыстауда Қарақан, Қарақаңға, Қарағантүп (Қараған түбек, Түпқараған),  Қараман, Қаратау, Қарасу, Қаражал,  Қараағашты, Қарабас (Қарамандыбас) атты әулие-қорымдар мен жер, су, тау атаулары  күні бүгінде де бар. Жергілікті халықтың (Адайлардың) сөзінде осы қорымдардың ең ежелгісі Қараман Ата делінеді. Олардың өздерін Қарабастылар деп атаулары, шыққан тегіміз Маңғыстау дегені.

 

    -  «Авеста сөзінің төркіні, мағынасы ғылымда анықталмаған. Кейбір ғалымдар «мадақтау» немесе «өсиет» деп атайды. Ал, Иран зерттеушілері «Кәрі атан сөзінен шыққан» деседі. Авестада сондай сөз тіркестері бар» дегенге келсек, бұл атаулар, бұл сөздің негізгі мағынасы емес. Оның дәл мағынасы Б.Қ.Албани айтқандай «Әбестік жасама, теріс пиғылдан ада бол», немесе «Әдеп сақтау»  болып табылады.

 

   -  Ал, «кәрі атанға» келсек, ол да Авестаның қазіргі қазақтардың ата-бабаларының  арасында дүниеге келгеніне кепілдік бере алады. Себебі, төрт түлік малды қолға үйреткендердің қазақ екендігіне ешкім де дауласпайды (Түйенің пірі (атасы) Ойсыл Қара, жылқы - Қамбар ата, қой - Шопан ата, сиыр - Зеңгі баба, ешкі - Сексек ата, егін мен шығырдың атасы Әлі Шынар). 

       Енді осылардың үстіне ежелгі бір замандарда Қас би (Каспий) теңізінің Әбес-күн деп аталғанын, Маңғыстаудың Бейнеу ауданы жерінде бір алқаптың Атан (Жангелдиннен оңтүстік-шығыста 31 км) деп күні бүгінде де аталатынын,  олардан да басқа кәрі Маңғыстаудағы Қаратүйе -Маната, Түйесу, Түйебатқан, Түйемойын, Үлек, Қараүлек атты жер-cу атауларын қосыңыз.

 

   -   Бұл жырдың бастапқы түп нұсқасы бүгінгі біз сөйлеп жүрген, қазақтың Ана тілінде жырланып, осы тілде жазылған. Отаны бүгінгі Қазақ даласы, дәлірек айтсақ осы Ұлы Даланың бір пұшпағы Маңғыстау. Жырды менікі деп «меншіктеп» отырған ирандықтардың оны түсінбей жүрген себебі осы.

 

   -  Ал, қазақ «ғалымдарының» осы кезге дейін бұл жырды  түсінбей, біздікі деп меншіктей алмай жүргендеріне келсек, бұл енді олардың қазақтың Ана тілінің, бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы екендігін зерделей  алмай  жүргенінен, деп батыл тұжырым жасай аламыз. Бұл Біздің Ана тіліміздің құдіретін тануға шамаларымыз жетпей, өзге (орыс, арап, парсы, ағылшын) тілдерге табынғандығымыздың салдары.

 

   -  Ирандықтар мен Үнділіктердің бұл жырды және оның кейіпкерлерін менікі (менің атам) дегені, олардың өз шыққан тектерінің Қазақ екендігін мойындағандары.

 

   -  «Авестада» жазылған салт бойынша жерленген адамдар қабірі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы жеріндегі Таушық кентіне жақын, теңіз жағасында орналасқан  Шақпақ ата қорымында күні бүгінге дейін сақталған.

 

   -  Олардың ұстанған діндері де ежелгі қазақтардың діндерімен бірдей.  Исламға дейін қазақтарда Тәңірге табынған болатын. Олардың жазбаларында айтылатын «свастика (кірес)» таңбасы, Маңғыстаудағы ежелгі қорымдарда: әсіресе Қараман ата, Шопан Ата, Құсым Ата қорымдарында бар. Шақпақ ата мешіті крес бейнесінде салынған. Шеңбер ішіне салынған крес бейнелі алып құрылыстар Маңғыстауда көптеп кездеседі. Қазақтың киіз үйінің шаңырағы да осы таңбаның кескінін береді емес пе?

 

   -  «Авестаның» біздің ата-бабаларымыздың арасында дүниеге келгенінің басты дәлелі, бұндағы бас құдай Ахура-Мазданың есімі Мазда деп аталады. Ал, Мазданың сөз түбірі бүкіл қазақтың түп атасы «Аз», «Әз әулие» атамыздың есімі емес пе?  Демек, Мазда қысқартылған сөз. Бұл сөздің құрамы, Ман, Аз, Ад, яғни Ман Әз Ата. Өйтпегенде ше? Бүкіл адамзат өз тіршілігінің, өз мәдениетінің бастауын Манқыстаудан, яғни ежелгі МАД (Ма Адай) патшалығынан алады емес пе?! Манқыстаудың қара ойынан қырға (Үстіртке) көтерілер жерде Ман Ата, қырдың үстінде Әз әулиенің моласы күні бүгінде де бар. 

 

    -   Бүгінгі Иран тарихы өз тектерінің МАД, яғни Ман Адай патшалығынан тарайтынын кәміл мойындайды. Менің бұл тұжырымыма тарих ғылымдарының докторы, Тегерандағы Шәһид Беһеште атындағы университеттің профессоры Риза Шабанидің «Иран тарихы» атты кітабы толық куәлік ете алады (Алматы: «Зерде» баспасы, 2002 жыл).

 

    -  Кей деректерде Авеста «Саксанид Авестасы» деп те аталады. Авестаның Сақтардікі, яғни Қаз Сақтардікі екенін осы сөздің өзінен-ақ анық аңғаруға болса керек-ті.

 

    -  Ал «Ахура» деп жүргендері біздің ақырғы (соңғы) деген сөзіміз. Мысалы, біз күні бүгінде де Мұхаммед пайғамбарды ақырғы пайғамбар деп атаймыз. Сол сияқты, кезінде Әз әулие атамызды да Ақырғы құдай деп атаған. Ежелгі қазақтар арасында, тіпті күні бүгінде де «атамзаман және ақырзаман» деген сөздер қолданыста жүр.

 

    -  Заратуштраны ол кезеңдерде де, тіпті күні бүгінде де қазақтың сөздік қорындағы Құдайдың, Тәңірдің балама есімі ретінде қолданылатын Жаратушы деп түсінсек, шындығы осы болар. Бұндай сөз «Авестаның» жыр жолдарында бар:

           «Жаратушымын – Жарылқаушымын,

           Қорғаушымын, Бәрін білушімін.

           Менің атым – Бәрін жоюшы,

           Менің атым – Бәрін жаратушы.

           Даналардың данасымын,

           Құдіреттінің Құдіреттісі менің атым» (Авеста. Шамамен 3,5 мың жыл бұрын жазылған) (С.Елубай «Қиямет – Қайым ғасыры» 2 бет).

          Заратуштра мен Жаратушының «аратуш» деген сөз түбірлері де осыны айтып тұрған жоқ па? Ал, «Ж» мен «З» дыбысының қазақтың кейбір сөздерінің өзге тілдермен аталуында осылай ауысып айтылуы  табиғи жағдай. Бұндай ауысып қолдану өз тілімізде де кездеседі. Мысалы, Әж бен Әз, Тәж бен Тәз, Тәжік пен Тәзіке,  Жебе мен Зебе, Жебедей мен Зебедей.  Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.

 

    -  Ал, Анхра Ман періге келсек, бұл жерде Анхра Ман жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді. Ан – тірі жан, пенде. Ең алғашқы адамдар. Ан мен Аңның мағыналары бір-біріне жақын. Адамдардың «кісі киік» атанған кезеңі. Екінші мағынасы Ан – Ана (әйел). Әрине солай, пері әйел болмай, ер адам болушы ма еді? Ал, Манның атын Манқыстау (Мандардың қыстауы) күні бүгінде де ұстап отырған жоқ па?

 

    -   «Авестаның» - Әбеспе деген сөзден шыққанына қазіргі Каспий теңізінің сол кездері «Әбескүн теңізі»  деп аталғаны толықтай дәлел бола алады. Бүгінгі Башқұрт елінде Аша, Арти, Шучье қалалары болса, жоғарыда көрсеткенімдей Қазақ даласында да Шу өзені мен Көкшетауда Шучье қаласы бар.         

        Заратуштра -  Иранның Шығысындағы көшпенді елдің ұрпағы әрі оның дінін қабылдаған Шығыс Иранның патшасы Кави-Виштаспы;  ғалымдар бұл аймақты бүгінгі Ауғанстан мен Орта Азия жері деп санайды.

         Заратуштра – дүниеге келгенде, күліп туған бала. Мұндай оқиға адамзат тарихында болмаған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, ол 77 жасында намаз оқып отырып, оның дініне қарсы болған адамның қолынан қаза табады.

        Саксанид (Сақ) Авестасы жиырма бір кітаптан құралып, «наск» аталыпты, соның бізге бір кітабы, ал сол заманда жазылған авесталық өсиеттің төрттен бір бөлігі ғана жетіп отыр.

         Біздің жыл санауымыздың жетінші, сегізінші ғасырларында Иран мен Орта Азияда  ислам діні қабылданып, Заратуштраның орнын басты. Бұл дінге табынушылар қуғынға ұшырап, Үндістанға жер ауды, осы заманда ол дінді ұстайтындар Ибра аталады. Біз бұл атаудан Ибраһим (Ыбырайым) пайғамбардың есімін көреміз. Ыбырайым Атамыз жайлы деректер Маңғыстаудың шежіре-дастандарында көптеп сақталған.  

         Бұл жағдай Cүгір жырау Бегендікұлының (894-1974) «Шежіре жыр» дастанында былайша суреттеледі:

              «Ыбырайым, Кенған екі ауыл

              Алжасып дінге таласқан,                               

              Кенғанның бір әулеті

              Іше берген арақ-шараптан.

              Ыбырайымның әулеті              

              Келемесін қайырып

              Ақан таудың етегі (Ақ тау, Ақ Ман тауының М.Қ.)

              Арапа бізге болсын деп (Ардың апасы (анасы) болсын деп М.Қ.)

              Алты тақта араптан (Қазіргі Арап жұрты (Арабия) М.Қ.)

              Әжі барып дәм татты

              Әжі білімді бұлақтан.

             Он сегіз мың ғаламды

             Сонда Сүлейменге сұратқан.

             Мұсылман, кәпір бірігіп

             Араласып жүргенде

             Құлшылық үшін Құдайға

             Мұхамбетке үмбет болғанда

             Бір діндегі халықпыз,

             Атамыз Әнес сахаба,

             Мұсылманның баласы

             Жүз жиырма бес таңбалы

             Осы отырған көпшілік

             Сол Әнестің аумағы («Жыр дария», 448-449 беттер). Қасиетті Құранда Ыбырайым атамыздың есімі Ибраһим деп беріледі.  «Негізінен Аллаһ Адам мен Нұхты және Ибраһим мен Имранның жұрағатын әлемдерге ардақты қылды» (3.Али Имран-33). Арақ-шарап іше беретін ауылдың ұрпақтары да (Европалықтар) әліге дейін арақ ішулерін қоя алмай келеді. Қаз Адай шежіресінде Бекарыстың екі баласы бар, үлкені Алшын, кішісі Кеншін деуші еді ғой. Кенған, Кеншін бәрі бір ауыл. Олардың да шыққан жері Маңғыстау, ол бүгінгі Кендірлі шығанағы атауымен сақталған. Бәрінің «Кен» деген бір түбірден болатыны осыдан. Ен, Кен, Кендірлі, Кентау, Кеніш, Кенші, Ең, Ен дала, Кең, Кең дала  т.т. олардың авторлық құқы.

          Біздің бабаларымыздың Жетіқарақшыны Темірқазыққа байлап қойғаны сияқты, Ахура Мазда жетеудің бірлігін, яғни адам, мал, от, жер, аспан, су, өсімдік бірлігін сақтауды уағыздайды. Мұның  алғашқы кезеңі – «Жаралу», яғни пайда болу. Ахура-Мазда дүниені жаратқанда, Анхра-Ман пері бүлдіреді. Соның кесірінен екінші кезең – қоспа пайда болады. Бұл – қазіргі біз ғұмыр кешіп жатқан дүние, яғни қайырымдылық пен жауыздықтың араласуы. Ал адам баласы қайырымдылықты жақтап, жауыздықпен күресу керек, ол үшін Ахура Маздаға табыну қажет. Бұл жерде өздерің көріп отырғандай, Ақырғы Ман Әз ата (Ахура Мазда) аталық текті білдірсе, Анхра Ман пері аналық текті білдіреді.  Бүгінгі қазақтар (азиялықтар) Ман Әз атаның ұрпақтары болса, Америка, Англия, Франция, Европалықтар (Ев, Ева, дева, девушка,  Евангелие, евгеника, Еврей) өздерін аналық тектен таратады.

         Үшінші кезеңде  - «бөліну» пайда болып, ақыры, дүние жаңарады, қайыра қалпына келеді, бұған Заратуштраның ұрпақтары бірінен соң бірі ықпал жасайды.

         Ақыры, әр пенде әділ соттың алдынан өтетінін, дүние салғаннан соң, жұмақ пен тозақта сарапталатынын, ғұмырлық дүниеде қайыра бірлесіп, рух пен тән қайта тіршілік құратыны айтылады. Заратуштраның бұл ойы басқа діни адамдарға ықпал етті. Заратуштра ілімінде әр адамның соттан ақталуы – оның ойына, сөзіне, ісіне байланысты. Осы жағдайда Мүңкір-Нәңкір алдында адам өз рухы үшін ғана емес, бүкіл дүние - әлем үшін жауап береді. Одан үлгі алған кейінгі діндердің артықшылығы да сонда.

        Кейінгі кездерде орыс тілінде жазатын түркі тілдес халықтардың өкілдері орыс тарихының жалғандығын, алты жүз жыл жалған жазылғанын, Византияда құрылған христиан діні, оның кресі, шіркеуде салынған пайғамбар бейнелері түркі тұқымы екенін жиі айта бастады. Сол христиан дінінің негізі осы Авестадан алынып, бұл дін біздің ата-бабаларымыздың арасында дұниеге келген болып шығады.

         Сол Заратуштраның  дінін гректер өз ұғымына жақындатып, Зороастра атауында да үлкен мән бар. Себебі, Заратуштра уағызы христиандық  дінге екі тараптан ықпал жасады. Біріншіден, ол Заратуштраның ойын   мұрагерлік етті, екіншіден Зороастризмның тікелей ықпалы алғашқы христиандықтың балғын шағында әсер еткен еді. Иудейліктердің Заратуштра жолына түсуі – олардың Кир патша Вавилон тұтқынынан босаған шақта,  яғни б.з. бұрынғы бесінші ғасыр болатын. Сол заманда Заратуштра жолына түскендерді «фарсышылдар» деп атаған. Зара мен Зороның екеуі де бір қайнардан, себебі, адамзаттың алғашқы даму кезеңінде, қазіргі біздің Ар деген ұғымымыздағы (иман, атамекен, отбасы) Арымыздың сырты ор қазылып  қорғалған. Ал, фарсышылдарды арыстар, яғни арын «көзінің қарашығындай» қорғайтын арлы ұлдар дегеніміз дұрыс. Қазақтың үш арысы (Ақ арыс, Жан арыс, Бек арыс) және Қаз Адайдың сегіз немересінің сегіз арыс Адай деп аталуы осының айдай  айғағы.

        Заратуштра (Зороастра) атамыздың аты бізге бүгінгі күнге Аштархан, Астрахан, Астрабад болып жетті. «Ұзын бойлы, арық, сүйекті құлды Астрабадқа жақын жердегі жол бойында татарлар ұстайды» (В.Г.Ян «Чингиз-хан» Нукус. 1975. 262 бет).  Қазақтың әйгілі ханы Әз Жәнібектің Астрахан қаласын салып, оны өзіне астана етіп алуының басты себебі де осы болатын.

        Сонымен, біздің жыл қайырумыздан бұрын жасаған Сақ бабаларымыздың көне жазуда аталуын, бүгінге дейін түркі тілдес халықтарда сақталып отырғанын, олардың елінде Заратуштра есімді пайғамбар шығып, «Әбеспе» атты қасиетті кітап қалдырып, адамзаттың алғашқы дінінің іргесін қалағанына көзіміз жетті-ау деймін.

 

        «Шумердің ізіне түскен-тағы да археолог емес, француз елшісі Эрнест де Сарзек деген адам. Ол 1877 жылы Оңтүстік Қосөзеннің бір төбесін қазғанда, базальттық, яғни жанартаудың тасынан жасалған мүсін тапты. Басында милығына түсіре, құлағын жауып киген қазақ бөркі, көзі «тостағандай», қыр мұрын, қолын қусырып, тізесіне сыналы жазуларды жайып салып, жалаң аяқ отыр. Жазуды оқып қарағанда, бұл бейне-біздің жыл қайыруымыздан 23-24 ғасыр бұрынғы Лагаша қаласындағы шумер патшасы Гуде бейнесі екен, қазір Парижде сақталуда.

       ...Біздің заманымыздың жиырмасыншы жылдары ағылшын археологі Леонар Вулли шумер патшасы Шубадтың табыт мүсінін табады. Патшайымды салтанатты жасалған бас киімі – тәжімен, алтын алқасымен, екі күңімен бірге жерлепті. Булли Эль-Убайдь төбесін қазғанда, Ураның тұңғыш әулетінің патшасы Месанепадтың ұлы Ааннепадтың есімі жазылған ақ ашутасқа қашалған қалақша таңбалы тас табылған. Бұл дүниежүзілік топансудан кейінгі үшінші әулеттің тізіміндегі патша көрінеді (252 бет). 

      ...Сейсем ата қорымы орналасқан аймаққа жақын жердегі  «Үштаған өңіріндегі Жабағылы Саз ауылынан (Үштағаннан 30 км жерде) шығысқа қарай 3-4 км жүргенде, тұмсығы батысқа қарап тұрған құм жалдың бойындағы киелі орын, ол «Шашты Әзіз» деп аталады, ал одан 1,5 км жердегі жалаттың үстінде «Баба Түкті» әулиенің мекені бар. ...Ізденістер Баба Түкті Шашты Әзіздің күн текті образ екендігін көрсетеді. Ол тіпті бағзы пайғамбар -  Заратуштраның өзгеріске ұшыраған кейпі де болуы мүмкін.

      ... Баба Түкті Шашты Әзіздің көпке танымал басқа бір зираты Қаратаудың солтүстік-шығыс жағында, бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының Шолаққорған ауданының жерінде орналасқан, Қызылкөлдің жағасында, бұрынғы Құмкент қаласының оңтүстігіне қарай  1 км жерде делінеді. Бүгінгі карта бойынша қарастырсақ, Баба Түктінің моласы тұрған жер Жамбыл облысының Байқадам кентінен шығып Шолаққорғанға апаратын асфальт жолдың бойы маңында. Осы бір есімді екі әулиенің арасында қандай байланыс болуы мүмкін деген сауалға 14 ғ-да Түркістан өңірінен Арал-Каспий өңіріне сопы уағызшылары әкелген «әулиелер экспорты» болды деген пайымға ден қояр болсақ жауап беріп көруге болады. Онда Баба Түкті Шашты Әзіз әулиесі Созақ өңірінен келген «Баба Түкті Шашты Әзіз» дәруіштер тобының осы өлкеге жіберген уағызшыларынан қалған белгі де болар, олжағын дәл айта қоюдың реті келе қоймас.

        Қазақ танымындағы Баба Түкті Шашты Әзіз Мифтік сипатында – ең соңғы инстанция, мысалы Байбөрі бала сұрап әулиелердің барлығында болып, Баба Түктіге ең соңынан келіп түнейді, әулие оның тілегін қабыл етеді. Өйткені ол – Митра, ол өмір береді (Алпамыс дүниеге келеді), ол есім береді (Алпамыстың атын қояды), ол билік береді (Алпамыс Жиделібайсынның қожасы). Баба Түкті «Митра» өз тегін ұмытса да қызметін ұмытпаған, Баба Түктінің бойында «күн мен шарт тәңірінің» функциясының негізгілері сақталған, сондай-ақ ол ер адамдардың, жауынгерлердің, жолаушылардың қамқоршысы, пірі. Қазақ эпосында ол тек Алпамысқа ғана емес, Орақ батыр мен Қобыландыға көмектеседі және олардың дүниеге келуіне себепші болады.

       Баба Түкті жас кезінде Жылыбұлаққа (немесе Сырдарияға) шомылып жүрген үш қызды көрген деседі, олар су перісінің қыздары екен. Баба Түкті олардың киімдерін жасырып қояды, сөйтіп үш қыздың біреуін әйелі болуға көндіреді. Қыз күйеуге шығар алдында үш шарт қояды; бірінші – аяқ киімін шешкен кезде қарамау, екінші – шашы мен тырнағына қарамау; үшінші – қолтығына қарамау, жігіт бір күні шартты бұзады, қыз аққуға айналып ұшып кетеді, артынан іште қалған баланы әкеліп тастап кетеді. Бұл бала кейін Едіге деген (Парпария) атпен белгілі болған. (С.Қондыбай «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» Алматы. 2000 37-41 беттер).

 

        Келіңіз, енді осы Серікбол бауырымыздың тұжырымдары мен болжамдарына қолдағы деректерге сай сараптама жасап көрелік:

     - Баба Түкті Шашты Әзіз – атамыздың азан шақырып қойған аты емесі айқын. Бұл кейін қойылған лақап есім деп тұжырымдауға толықтай негіз бар.

 

     - Үлкендердің айтуынша, шежіре дерегі Баба Түктіні баласы, Шашты Әзізді атасы дейді. Қай жағынан алып қарағанда да: біріншіден өз атымен тегінің қосылып айтылуы, екіншіден екеуіне екі жерден топономикалық атау берілуі, үшіншіден Әз-із есіміндегі «із» жалғаулығының Әз атасының ізін жалғастырушы, баласы, ұрпағы деген мағына беретіндігі  бұл тұжырымды бізге таза шындық деп қабылдауға мәжбүр етеді.

 

     - Баба – қазіргі сөздік қорымызда «өте ескі заманда» дегенді білдіреді. Бастауын «қауым басында» аналар тұрған заманнан алады. Бүгінгі орыс халқының әйел адамды «баба» дейтіндері содан қалған. Бабаның сөз түбірі (өз түбі) Аба (Апа). Африкалықтардың да тегі осы. Арабтар мен Ебрейлердің де тегі осы. Олардың аталарының аты Семит. Қазақ шежіресіндегі атауы Жабал (Жебел) Адай шежіресі бойынша Семит Бұзаудан тарайды. Славян халықтары дегеніміздегі, бұл атаудың да өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі (өз түбі) Ав (аб, ап). Бәрі аналық текке жатады. Ежелгі қазақтардың «Ата-баба» деп екеуін қосақтап атайтындарының сыры осы. Қазір бұлар бізде  Ата-Ана деп аталады.

 

     - Ал, шындығында Баба Түктіні - Жабал Нұқ  деп түсінсек дұрысы осы болар. Баба мен Жабалдың, Түкті мен Нұқтың түбірлес болатыны тек қана осыны білдіреді. Ежелгі жазбаларда, Маңғыстаулық ақын-жыраулардың дастандарында Нұқ қауымының атауын Жабал Нұқ деп атағандары кездеседі.

 

     - Әзіздің сөз түбірі сірә бүгінгі Қазақ елінің негізін қалаған Әз атамыздың аты. Сонымен қатар Әз – аса білімді, данышпан адам, ал  Әзіз сөзі – жаныңа ең жақын, аяулы адам деген мағына да қолданылады. Бүгінгі сөздік қорымыздағы Әз Наурыз, Әз Түрік, Әз Жәнібек, Әз Захир (Сұлтан Бейбарыс), Әз Тәукелер осы айтқанымыздың айдай айғағы. Бұл есім оларға халықтың қойған лақап (мадақ) есімі. Жоғарыда көрсетілген тегіне Әз атасының есімі қосылған ұлы тұлғалар, Әз (қазақ) Аталарына лайық болды деген сөз. Жер бетінде  қазақтың қағанынан асқан лауазым болмағаны сияқты, бұдан асқан «мадақ та» болмаған.

 

      -  Бұл күндері бүкіл әлем қолданатын, Қазақтың ата-тегін атау, жазу қағидасында Атасының аты бірінші, өз аты екінші болып (мысалы, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ескелді Сүгір, немесе Темір баба, Қаңға баба т.т.) аталатынын сараласақ, бұл жерде Баба сөзі бірінші болып аталып тұр. Біз бұл атаудан:

           «Түркістанда түмен баб,

           Сіздерден медет тілеймін.

           Сайрамдағы сансыз баб,

           Отырардағы отыз бап,

           Ең үлкені Арыстан баб,

           Сіздерден медет тілеймін» деп, Қазақ бақсыларының жырларында айтылатындай Баптардың да тегінің кімдер екенін айқын көреміз.

 

     -  Баба Түкті Шашты Әзіз бұл жерде бас құдайдың бейнесінде суреттеледі. Басқа әулиелерден тілегі орындалмай, осы әулиеге келіп түнегенде тілектері қабыл болады.  Бұл жағдай Авестадағы Ахура Мазданың (Ақырғы Құдайдың) миссиясына толықтай сәйкес келеді.

 

     - Баба Түкті Шашты Әзіз есімі қалай болған күнде де Әз атамыздың атымен тікелей байланысты. Егер біз Әз-із сөзінің  құрамын сараласақ, Әзіміз - сірә Әз әулие атамыз, ал ізіміз - Әз атамыздың ізімен жүріп, оны жалғастырушы, Әз атамыздың ұрпағы дегенді білдіреді.

 

    -  Бұл жерде Баба Түкті Шашты Әзіздің – Ақырғы Құдаймен сәйкес келмейтін жері, оның әкесінің аты да Керемет Әзіз делінетіні. Демек, Баба Түкті Шашты Әзіз - Әз атамыздың тікелей ұрпағы. Ал Керемет Әзізді - Әз атамыздың лақап аты деуге болар. Себебі, Керемет  - аса ұлы, аса ерекше, адам таңданарлық, ең жоғары дегенді білдіреді.

 

     -  Баба Түкті Шашты Әзіздің дүниеге келген, өмір сүрген жері (Сырдарияға шомылады),  моласы да қазақ даласында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сазды өңірінде.  Сыр өңірі (Нұқ атамыздың кемесі қалған аймақ) мен Сарыарқа  Мандардың жаз жайлауы болса, Манқыстау Мандардың қыс қыстауы.

         ... Адайдың Ата мекені

         «Көлденең жатқан Маңғыстау

         Қар жатпайтын ой еді,

         Сарыарқаны жаз жайлап

         Қыстыгүні болғанда

         Күнде жиын той еді» (Зәкәрия Сағындықұлы (1890-1930) «Жыр-дария. Маңғыстаудың ақын жыраулары». Ақтау-1995 408 бет).

         «Саламат болың Сарыарқа

         Маңғыстау туған шаңырағым» (Сүгір Бегендікұлы (1894-1974) «Жыр-дария» Маңғыстаудың ақын жыраулары». Ақтау-1995 425 бет).

         «Руым Адай Алшында

         Ер Бекет болад ұраны,

         Тыңдағанға насихат

         Сөз базарын құралы,

         Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз

         Сарыарқаны жаз жайлап,

         Маңғыстаудың үш түбек

         Қысқы мекен тұрағы» (Ұзақбай жырау Қазжанұлы (1897-1973) «Жыр-дария» Маңғыстаудың ақын жыраулары». Ақтау-1995. 528 бет).

 

       Сол Шумерлердің бүгінгі ұрпақтары қазіргі Қазақтар екендігінің айдай айғағы біздің бүгінгі сөздік қорымызда атауы бір-ақ дыбыстан тұратын «У» (сырын білмеген адамға зиянды, білген жанға дәрі ретінде қолданылатын улы зат, қасқыр мен иттің ұлуы);  Екі дыбыстан тұратын, бүкіл ғаламның (табиғаттың) ең көп мөлшерін құрайтын сұйықтық атаулары Су, Бу, Шу, немесе осы суға байланысты  Жу, Жуу; Ел мен жерді қорғаудағы, ар мен намыстың ең биік символы Ту мен Жалау,  Қалың, өте көп деген мағына беретін  Ну (ну орман);  Судағы балықты қармақ немесе шанышқымен бір-бірлеп ұстайтындай емес, тонналап ұстайтын Ау, Қаратпа сөздер Әу, Еу, Оу; Өте жоғары жылдамдықты білдіретін Зу; Ата-тегіңді білдіретін Ру,  Қаздың баламасы Қу (Қумандар); Үш дыбыстан тұратын Тау, Сау, Бау (бау-бақша, жіп), Қуу, Буу, Жуу, Туу, Ару, Ору т.т; Алау, Атау, Сұлу, Тору, Жору, Қору, Қару, Солу, Адгу, Адлу т.т;  Жалау, Тарау, Қарау, Құрау, Құдай, Құрай (Құрайыш) т.т. болып табылады. Демек, ең алғаш уды ойлап тауып, оның дәмін татып, оған у деп ат қойғандар, Адам ата ұрпақтарының өсіп-өніп, Ата ұрпақтарына, яғни руға бөлінуі, алғашқы рулық таңбаны жасап, яғни руна жазбасын дүниеге әкелгендер, алғаш ту көтергендер, бүткіл жер бетіндегі тіршіліктің негізгі көзі су екендігін танығандар, уақыт өте келе бір-бірінен алыстап кеткен рулардың бастарын біріктіріп Қу, Қуман деп атағандар осылар. Енді осыған Ұр (Ур) мен Ұранды (Уран) қосыңыз. Сонда, біздердің бүгінгі сөздік қорымыздағы Ұр, Ұра, Ұран дегеніміз Шумерлердің алғашқы патшаларының есімдерінен алынған болып шығады. Құранның да сөз түбірінің Ұран болатыны осы. Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.

 

        Ендігі сөзді О.Сулейменовтың «АЗиЯ» атты еңбегіне берейік: «Шумерлер және түркілер. Баба түркілер (прототюрки) ежелгі Алдыңғы Азияның «цивилизация қазанында қайнап» болған соң біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдық басында семиттердің құқайлығынан ығысып, кейбір шумерлік сөздерді ала кетіп, ең соңғы замандарға дейін сақтап қалған демекпіз. ...Дингир – Құдай. Денгир, тенгир, тенгри... тәңір. ...Екеуінің мағыналары да бірдей. ...Тілдердің дамуы құдайдың есімі – аспанды тудырғанда ол құдайдың шумерлік атымен  сәйкес болып шығып отыр. ...Түркі мен Шумер обаларының сыртқы белгілерінің бір-біріне ұқсас келуін кездейсоқтық деп тануға болмайды. Және де мұндай сәйкестік – тым жиі ұшырасады (183-184 беттер).

         ...Шумер сөздерін топтық жүйесі бойынша реттеп алып, түркі атауларының сәйкес топтарымен салыстырғанда «Құдай» мен «Адам» класы бойынша сәйкестіктердің молырақ ұшырасатынын байқадым (220 бет).

         ...Менің пайымдауымша, түркі тілдері шумер және монгол тілдерімен мәдени туыстыққа ең көне заманда түсті, ал түркі тілдерінің мәдени туыстығы кейінгі дәуірлерде қалыптасты. Кейінгі мәдени ықпал ең көне мәдени ықпалдың нәтижесін біржола құртып жібермеген, оны сәл бүркеңкіреп, артқа қарай ысырыңқырап қана, үстемелеп, бірінің қабатына бірі жамала берген, бірақ, қайталап айтайын, бірін-бірі мүлде жойып жібермеген. Тілдің осы көпқатпарлы қасиеті қазақтың «Алла-Тәңірі» атауынан көрінеді: соңғы түркі көшпелілері құдай-тағаланы (құдай аты еш бұрмаланбайды, дін атаулары кез-келген сөздікте лексиканың ең төзімді тобын құрайды) «Алла-Тәңірі» деп атады (О.Сулейменов «Аз и Я» Алматы. 1992. 220 бет).

         О.Сүлейменовтың «түркі тілдері шумер және монғол тілдерімен мәдени туыстыққа ең көне заманда түсті, ал түркі тілдерінің мәдени туыстығы кейінгі дәуірлерде қалыптасты» дегеніне басқаша тұжырым ұсынамын. Себебі,  осы көрсетілген үш тілдің үшеуінің де негізінде, бүгінгі қазақтың Ана тілі жатыр. Нұқ пайғамбарға дейінгілерде, соған сәйкес оның кемесіндегі жандардың бәрі де осы біз сөйлеп жүрген Қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт (Қазық жұрт) тауының айналасындағы жұрттың (қазық жұрттың) тілі еш бір елдің тілімен будандаспаған. Осыған сәйкес кезінде бүкіл әлемді  Қаған билеген қағанаттардың барлығының   да мемлекеттік тілдері Қазақтың Ана тілі болған. Себебі, Қаған деген лауазым атауының өзі таза қазақ сөзі болып табылады. 

         Еске ұстайық! Қаған деген лауазым атауы қазақтан өзге бірде-бір елдің сөздік қорында жоқ.

         Шумер тілі, түркі тілі, славян тағы басқа да тілдердің қайсысы, қайсысынан бұрын дүниеге келгенін, яғни барлық әлем елдері тілдерінің анасы қай тіл екенін  анықтау үшін біз мына жағдайға көңіл бөлуіміз керек. Әлем елдерінің бәрінде де тілдер тек қана үш атаумен,  Ана тілі, туған тіл (родной язык), ары қарай әрбір ұлттың атауына сәйкес түркі тілі, араб тілі, қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі т.т. болып жалғасып кете береді. Баршамызға белгілі Қазақ ұлтының  тілі Ана тілі деп аталады. Міне осы атаулардан қай тілдің алғашқы тіл екенін айыруға болады. Демек, Қазақтың Ана тілі деген ұғымы, тек қана туған шешеңнің тілі дегенді емес, барлық тілдердің анасы дегенді білдіреді. Әйтпегенде, қазақтан  өзге елдер де өз тілдерін туған (туысқан, родной) тіл демей, оларда өз тілдерін «Ана тілі» деп атаған болар еді. Олардың бұлай атауға құқықтары жоқ. Себебі, бұл «санасында саңлауы» бар жандарға Ман атамыздың, яғни Маңғыстаулықтардың  «авторлық» құқығына жеңілдетін айтқанда, «жиендік жасау»  болып шығар еді.

        Тіліміздің Ана тілі деген атауындағы Ман атамыздың есімінің сөз түбірі «Ан» болып, Ана деген ұғымымыздың да бастауында да осы түбір тұр. Бұл сөз Адам (Ман) атамыз осы біз сөйлеп жүрген қазіргі  қазақтың Ана тілінде сөйледі деген мағына береді.

        Демек, Шумер тілі дегеніміз бүгінгі Қазақтың Ана  тілі болып табылады.

 

        Қазақтың шежіре-тарихынан хабары бар жандардың көңіліндегі күмәнды сейілту үшін тағы бір дерек келтірейін:

        Жақында қолыма «Asia TRAVEL» журналының 2012 жылдың басындағы номері түсті. Номердің 88-96 беттерінде «Шумерлер, құдайлардың ұрпағы» деген атпен көлемді зерттеу мақала беріліпті. Онда: «Бұдан 6000 жылдан әрі де  Тигр және Евфрат өзендері аумағын алып жатқан Месопотамия аймағының оңтүстігінде өздерін Шумер, немесе «Қарабастылар» деп атаған халық пайда болды. Жазба тарих олардың қайдан келгені және  қай нәсілге жататыны жөнінде ештеңе айтпайды. Белгілісі, олар соңғы жылдары ғана ғылымға белгілі болғандай өз заманында адамзат баласына сансыз көптеген ғылыми жаңалықтарды сыйлаған. Ерекше атап өтуге тұратындарының қатарына: жазу, темірді (қола, алтын, күміс, мыс) өңдеу, дөңгелек (арба) және қолөнер бұйымдарын жасау  жатады. Сонымен қатар олардың мәдениеті артына көптеген құпия мен жұмбақтар қалдырғаны соншалық,  бүгінгі ғалымдардың оларды шешетіндей қауқары  әліге дейін болмай отыр. Бұған олардың шамасы ешқашан жетпеуі де мүмкін» деп қорытындылапты.

       Мені таң қалдырған дүние  осы жорналдың 92 бетінде болып шықты. Онда көне шумерлер қыш жазуын көптеп пайдаланған. Олар артына сансыз көп қыш кітаптар қалдырған делініп, қыш кітаптың бір бетіндегі сызба-бейнелерді келтірген.  Бұнда сегіз сызба-жазу, оның жетеуі дөңгелек сызық ішінде, ал біреуі ұзыны мен ені екі түрлі, тік бұрыш ішіне салынған. Бейнелер әртүрлі форма да,  осылардың ішінде үш құс, үш крес және үш домбыраның бейнесі анық байқалады. Қазақтың қара домбырасы, қайда да қара домбыра, өзгелер (ағылшын ғалымы) оны «ескек» деп жазғандарымен, кез-келген  қазақ баласы оны кескініне (формасына), ішегіне, пернесіне және құлағы мен бет жағындағы тесігіне қарап-ақ жазбай таниды.  Меніңше осы жалғыз домбыра бейнесінің өзі-ақ, шумерлердің тегінің кімдер екенін тануға жарап жатса керекті.

       Енді осының үстіне олардың өздерін «Қарабастылар» деп атағандарын қосыңыз. Қазақтың «Қарға бойлы Қазтуғанының» сыры міне осылай ашылады емес пе?! Бұл Маңғыстаудағы қаптаған қаралардың анық жалғасы. Жетыбай мен Жаңаөзен қаласының ортасындағы алқаптың Қарамандыбас (Қарабас) аталуының да сыры осы екеніне күмән болмаса керекті.

 

      «Бізге жеткен діни мәтіндер ішіндегі ең ескілерінің бірі «Авеста». Осыдан 3,5 мың жылдай бұрын Заратуштра (Зардөш) пайғамбар түзген мәтін. (М. Бойс. «Зорастрийцы») Осы ғалымның жазуынша көктем мерекесі күні таңертең өзенге шомылып жағаға шыға берген Заратуштра қарсы алдында күндей жарқырап тұрған құдіретті көреді. Оқиға Каспий теңізінің теріскей шығысындағы далада түйелі ауылда орын алған. Бұл жарқырап тұрған Құдай Даналық Иесі яғни ескі парсы тілінде Ахурамазда екен. Ахурамазда Зәрдөшке уахи түсіреді. Оны Зәрдөш көкірегіне құйып алады. Даналық Иесі Зәрдөшке әлемнің ақиқатын ашады. Зәрдеш сол ақиқат жөнінде уағыз айта бастайды. Зәрдөшке аян етілген ақиқат не еді? Ол былай. Құдай жалғыз. Ол Даналық Иесі. Ол мейірбан, әділ, құдіретті. Адам жалғыз Даналық Иесіне сиынуы керек. Күн сайын 5 рет мінәжат етуі керек. Дүниені жаратқан сол Даналық Иесі. Құдай дүниені еш кемшіліксіз кемел жаратқан. Бірақ Анграмайн Сайтан Құдай жаратқанның бәріне қарсы шықты. Бәріне залал келтірді. Көкмайса даланы қураған шөлге айналдырды. Тұщы теңізді тұзды көлге айналдырды. Адамды азғырды. Бір-бірімен жауластырып қойды. Ол сайтаннан корғану үшін Адам тек ізгі ой, ізгі сөз, ізгі істерге берілуі керек. Ахурамазда Құдай зұлым Сайтан Анграмайнмен Жер бетінде ақырзаманға шейін айқасады. Адам осы ұзақ та ұлы шайқаста Құдай жағына шығуы керек. Құдай Сайтанды заманақыр басталғанда жеңіп шығады. Адамдарды тірілтеді. Қыл көпір арқылы жүргізеді. Отты өзеннен өткізеді. Осынау Қияметқайым сынақтары арқылы жақсылар мен жамандар ажыратылады. Соңғылардардың барар жері мәңгілік азап болса, жақсылардың барар жері мәңгілік рахат мекен болмақ» (Смағұл Елубай «Қиямет-Қайым ғасыры» 21 бет).

       Түсініктеме: С.Елубай дерегінің біз үшін құндылығы «Оқиға Каспий теңізінің теріскей шығысындағы далада түйелі ауылда орын алған» деп Заратуштра дінінің ежелгі Маңғыстаулықтардың арасында дүниеге келгендігін айшықтап көрсетуі. Ал, Маңғыстауда Адам ата мен Ауа ананың «қарашаңырағының» иелері бүгінгі Қаз Адайлар  өз ата мекендерінде әлі отыр.

       Мәтіндегі «Ескі парсы тілі» деп отырғандары бүгінгі қазақтың Ана тілі. Олар «Авеста» деген сөздің не мағына беретінін де білмейді. Себебі, «Авеста» жырмен жазылған және оның мәні мен мағынасы тек қана қазаққа аян. Жоғарыда көрсеткенімдей жырдағы оқиға болған жерде, ондағы атауларда бәрі-бәрі қазақи атаулар.

      «Ахурамазда Құдай зұлым Сайтан Анграмайнмен Жер бетінде ақырзаманға шейін айқасады». Бұл айқастың басты кейіпкерлерінің атын атап, түсін түстейтін болсақ, бұны Адам ата мен Еваның ұрпақтары десек дұрысы осы болар. Азиялықтар, яғни Аз (Әз) атаның ұрпақтары өздерін аталық тектен таратса, Европалықтар (Еврейлер, Евангелистер),  өздерін аналық тектен таратады. Еврейлер еврей қыздарынан туғандарды, бізше жиендерінің бәрін ебрей деп есептейтіндері және олардың үнемі «гендерлік» саясатты жалаулатып, кез-келген жерге (орынды-орынсыз) «демократияны» тықпалап адамзаттың ең ұлы мәдениетін аздырып жүргендерінің сыры осы. Кімде-кім мың жерден басын тасқа ұрса да, әйел мен еркек ешқашан тең бола алмайды. Себебі, Ұлы Жаратушы - Алла оларға әртүрлі міндет жүктеген. Дұрысы, Алланың бұйрығына қарсы шықпай, ер адам өз міндетін, әйел адам өз міндеттерін атқарғаны жөн.

 

       Сол Қарабастардың тегі Атам Қазақтың рулық шежіресінде «Қазақ – Алаш (Алшын) – Он екі Ата Байұлы - Адай – Келімберді – Мұңал – Шоғы – Жолай – Жолманбет – Жарылғап – Қарабас болып таратылады. Қарабастың ұрпақтары Айгөшек, Қангөшек, Нұрбаулы, Бекберді, Бөгежан деген ру (Ата) аттарымен Маңғыстауда күні бүгінде де ғұмыр кешіп жатыр». («Маңғыстау энциклопедиясы» Алматы. Атамұра баспасы, 1997 жыл. 203 бет).

        Қарабастардың тегін Ыбырай ахун Құлыбайұлы былайша жырлаған:

       ...«Сөз сөйлейін Мұңалдан.

       Тобышқа жедел сыңардан,

       Бекет деген ұраннан

       Кіршігі жоқ қылаңнан,

       Алаштан асқан шығаннан

       Сегіз арыс Адайды,

       Түгел айтпай тына алман.

       ...Төрт баласы Мұңалдың

       Әли менен Бәйімбет,

       Жаулы, Шоғы бұлардан.

       Төрт арыс Мұңал болғалы

        Жайлауына су алған,

       Қыстауына ну алған,

       Жігіттері Мұңалдың,

       Мейман келсе қуанған.

       ... Жарылғаптан бес бала

       Бірі оның Қарабас,

       Қарабас тұқым көбейіп

       Екі арыс мынау Шоғыға,

       Болып еді шамалас.

       Қарабастың баласы

       Айгөшек, Қангөшек, Бекберді.

       Нұрбаулы мен Бөгежан,

       Кетпеген аузы тобадан

       Қама, құндыз, алтын, зер.

       Алып киген қаладан

       Досына балдай татымды

       Дұшпанына обадай

       Бес Қарабас болғалы,

       Паналады бұларға

       Қайрат күші аз адам» (Ы.Құлыбайұлы «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 132-133 беттер).

       «Оның былай сыртында

       Өзен, Шынжыр белгілі

       Борсымұрын, Қарабас» (Өскенбай Қалмамбетұлы (1860-1925) «Жыр-дария» Маңғыстаудың ақын жыраулары». Ақтау-1995. 240 бет).

       Бұлардың, яғни Қаралардың шыққан тегі Маңғыстау, аталары Қараман, моласы Жетібай – Шетпе тас жолының бойындағы Бекі аулының тұсынан Қарақия ойына қарай 14 шақырым жерде. Міне осы атамыздың есімі Маңғыстауда Түпқараған (Қараған түп, Қараған түбек деп те атала береді), яғни жер бетіндегі барлық Қаралардың түбі деген атаумен бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Айыбымыз, Түпқараған ауданының бас қаласына ежелгі Ақ Кетік атауын қайтара алмай жүргеніміз. 

 

       Бүкіл әлемді мойындатқан Шумер - Шу елі (Шумер, Шужер – әлемді шулатқан көне халық, көне жұрт, артына мол мұра қалдырған) жайлы, «Кәдімгі тарих» атты фундаменталды ғылыми еңбектің авторы Жорж Луи Леклерк (Бюффон) ХҮІІІ ғасырда былай деп жазыпты: «Бірінші ел (мемлекет), яғни осылай деп аталуға лайық» өте ескі заманда Каспий теңізінің шығыс жағында дүниеге келген. Бұл халық ғылымды, өнерді және басқа да игіліктерді дүниеге әкелгені үшін де үлкен құрметке лайық... Олар төтенше бақытты болды, себебі олар өте білімді еді», «кейін жаттың шабуылына ұшырап, адамзаттың ұлы цивилизациясын қара түнек басты». Өте дұрыс пікір. Бұл менің адамзаттың алғашқы ұлы цивилизациясы Манқыстаудан бастау алды деген тұжырымыммен сәйкес келіп тұрған жоқ па?!  Осыдан жүз жылдан кейін осындай ойды египеттанушы Каир Институтының шығыс археологиясының негізін қалаған Гастон Камиль Шарль (Масперо) Шумерлер бізге, яғни Месопотамияға «ауа-райы жұмсақ, жері шұрайлы Солтүстік Азия даласынан келді» деп жазыпты. Америка зерттеушілерінің соңғы болжамы бойынша «Шумерлер дегеніміз «Кеңгір» болып табылады. Бүкіл жер бетінде Кеңгір атты аймақ тек қана Қазақстанның Жезқазған облысында. Түріктің жазба дерегінде (ҮІ ғасыр) Кенгу деп көрсетілген. Оның қасында Ұлытау орналасқан. Оған жақын жерде өте ескі замандарда мыс өндірілген бай кен орны бар». («Тұран» № 16. 17.04 2009 ж. Дмитрий Дей  «Белгісіз Торғай»). Қазақта мыс, жез терминдері синоним. Жезқазған аты осыдан қалған.

        Ал шындығында, Кеңгірдің де, Кенгудің де, Кеннің де, Манқыстаудағы Темір баба әулие қорымы орналасқан аймақтағы Кендірлінің де тегі бір. Сонымен қатар Шу елінің қазіргі қазақтардың арғы тегі екендігін дәлелдейтін топономикалық айғақ – Шу өзені болып табылады. 1456-58 жылдары Шыңғыс қағанның тұңғышы Жошыдан тарайтын тікелей ұрпағы Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлініп Қазақ хандығын құрған жері осы Шу алқабы болғанының негізгі себебі де осы болатын. Манқыстау облысына қарасты Каспий жағалауындағы мүйістердің бірі күні бүгінде де Су (Шу) деп аталады.

        Кен (Кеншін) адам аты, яғни атамыздың есімі. Шежіре дерегі Кен атамыздың тегін төмендегіше таратады. Қазақтан - Бекарыс (Кіші жүз), Бекарыстан – 2 бала Алшын, Кеншін. Кеншіннен жеті бала Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамазан, Жағалбайлы, Төлеу. Бүгінгі 25 таңбалы Кіші жүз еліне қарасты 7 таңбалы «Жетіру» дейтіндеріміз осылар. Бұлар ежелгі гректер мен Рим империясының негізін қалағандар. Олардың өздерінің тегін «Етрури» деп жазып жүргендері осы біздің Қазақтың Жеті руы. Олар Қазақтан енші алып бөлініп шыққандар, ал біздегі Жетрулар қарашаңырақта қалғандары. Бүкіл әлем елдері осылайша Қазақтан бөлініп отау тіккен.

       Ежелде Баба Түкті Шашты Әзіздің толық мағынасы қазақтың бес жасар баласына дейін белгілі болса да, соңғы орысқа бодан болған үш жүз жыл мұны ұмыттыруға айналды. Міне сол әділеттілікті орнатып, ақиқатты айтатын күн де туды.  Ол үшін тағы да осы есімдердің сөз түбірін (өз түбін, яғни түп атасын) көмекке шақырамыз. Жарайды төзімдеріңді тауыспайын. Түкті дегеніміз Нұқ (Нүк) пайғамбар атамыздың лақап есімі болып табылады. Түктінің сөз түбірі - Үк (Ұқ)  яғни түп атасы Үкаша ата болып табылады.   Өздеріңіз көріп отырғандай, Түктің сөз түбірі «Үк», Шаштың түбірі «Аш». Баба мен Шаш аналық текті білдіреді. Ал, Әзіз - қазақтың түп атасы, яғни олардың бәрі  Әз әулие  атамыздың ізін жалғастырушылар деп отыр.

       Нұқ пайғамбардың кемесінің тоқтаған Қазығұрт (Қазық жұрт) тауы да, олардың ғұмыр кешкен жері де, Атамыздың моласы да бүгінгі қазақ даласында. Ол Қаратаудың күнгей бетіндегі, Өгіз (Оғыз) тау шатқалы маңындағы қыратта, Түркістан қаласынан 42 км жерде орналасқан Үкаша ата мазары болып табылады.

 

        Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық тарихи деректер Шумерлік «Авестаның» дүниеге келген жері Каспий теңізінің шығыс жағалауы екендігін айтады. Демек, сол Шумерлер өздерін қазақпыз деп атаған. Оған бұлтартпас айғақта бар. Себебі, сол жер ежелде де, тіпті бүгінде де Қазақ деп аталған. Әйтпесе, ол жер Қазақ шығанағы деп аталмаған болар еді.

        «Қазақ шығанағы, Каспий теңізінің шығыс жағалаулық бөлігінде, Маңғыстау түбегінің оң түстік жағалауында. Маңғыстау облысының Қарақия аудaны жерінде, құрлыққа 46 км еніп жатыр. Пішіні доға тәріздес, ені теңізге шығар жерінде 83 км. Орташа тереңдігі 13 – 15 м, ең терең жері 32 м. Жағалауы көтеріңкі келген. Шығысында Қазақ шығанағынан суы таяз Кендірлі бұғазы арқылы бөлінген Кендірлі қойнауы және Кендірлі (Ада) құмқайыры (ұзындығы 35 км) бар» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

 

         Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша Шумер – Шу және Мер деген екі біріккен сөзден тұрады. Біз екінші буыннан Меркіт тайпасының атауын көреміз. «Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет). Қазақ даласында олардың атында Мерке (Мері әке), Меркі (Мері жігі (руы) деген топономикалық атаулар бар.

         Т - дыбысы сөздің қай жерінде қолданылса да толып, толысты, енді өзгермейді деген мағына береді. Мысалы, Ат (Атың кім?), Ата, Ұлт, Бұлт, Ұрт, Жұрт, Құрт, Ат, Ұт, Құт, Жат, Жұт, От, Тұт, Сүт, Тобыш, Тоғыз, Тоқсан, Тоқсан тоғыз т.т.. Атам Қазақтың шежіре дерегі бойынша «Т» дыбысы тоғыз санын иемденген Тобыштардың лақап аты.

         Ежелде барлық дүние тоғыз санымен есептелген. Мысалы, бүгінгі қазақта тоғыз құмалақ (ойын), тоғыз-тоғызды қалыңмал (ұзатылған қызға берілетін дүние-мүліктің әр бірін тоғыз-тоғыздан жасап беру, тіпті мінетін аты тоғыз, артатын түйесі тоғыз болады).

         Тоғыз айып (берілетін жазаның салмағына орай – бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз деп, оны тоғыз-тоғызға көтереді). Бір тоғыз-тоғыз бесті-бес жасар ат. Ал осы айып тоғыз-тоғызға барғанда «тоқал тоғыз» деп аталған. Бұл тоқсан ат.

         «Тоғыз бие тарту ғып

         Алдына алып барайық (340 бет).

         …Жіберді тарту қылып тоғыз адам («Қамбар батыр» 344 бет).

         «Тоғыз қабат торқаңнан – тоқташықтың терісі артық» деген мәтел де ертеден бері айтылып келеді.

         «Өмірдегі болатын нәрселердің тоғыздан асатыны болмайды», деп данышпандар айтқан. (Әбілғазы «Түрік шежіресі»).

         «Түрік халқында не нәрсені болса да, тоғызға апаратын әдет бар, Құдайтағала одан артық жаратпаған» (Шарафутдин Иезди «Зафанама»). Айтса айтқандай, Шыңғыс қаған негізін қалаған «Алтын Орданың» ең соңғы ұлы ханы Тоқтамыс Шыңғысханның тоғызыншы ұрпағы болып табылады.

         Ұлы Жаратушы – Алланың тоқсан тоғыз есімі бар делінетінінің де сыры осы.

         Демек, «Т» таңбасы ұлдың (бала) толысқанын білдіріп, ұлтқа айналдырып тұр; сүт – су ағарып, сүтке айналған; өрт – жанып кеткен, ештеңе қалмаған; жылт – көрінді де жоқ болды; бұлт – бу жиналып бұлтқа айналған т.т. болып кете береді. Міне «Т» дыбысы осылай сөйлейді.

         Меркіге жалғанған соңғы «Т» дыбыс-таңбасы олардың толып-толысып өз алдына бөлек елге айналғанын білдіріп тұр.

         Батыс, Қытай  дереккөздері де, Орыстар да, Рашид-Ад-Динде де Меркіттерді біресе Аде, Одой, Одоют деп Баегулермен (Байұлылармен) бірге атайды. Қазіргі Ресей жерінде Одой, Уодай, Одоют атты топономикалық атаулар бар. Атам Қазақтың сөз жасау қағидасы бойынша «А» мен «О»-ның мәні мен мағынасына келсек, «А» дыбысы: Алла, Ада, Ата, Ана, Аса делініп барлық дүниенің бастауы дегенді білдірсе, «О» таңбасы «Күн» және «Сәби (нәресте)» деген мағына береді. Ақиқатында, «О» таңбасы ежелгі Күндердің Қу ((Қу Адай әке (Құдайке) яғни Атасы) мен Үн-дердің (Мұңал, кенжесі)) таңбасы. Бас киіммен ойнауға болмайтыны сияқты, «О» менде, Күн мен Сәбиден және оларданда басқа О-дан басталатын барлық ұғымдармен  де ойнауға болмайды. О-дан басталатын ұғымдар: От, Оташы, Оқ-дәрі, Оқтұмсық, Оба (ауру), Обатас, Ожау, Ойшыл, Ойық, Оқу, Омарта, Омбы (домбыраның сөз түбірі), Омырау (анамыздың төсі), Ор, Орамал, Отан, Отбасы, Одақ, Бодан, яғни Отан және Одақпен ойнасаң бодан боласың деп тұр. Шынында да, Одақпен ойнауға болмайды. Одақтың қандай болатынын кешегі Кеңестер одағы кезінде көргенбіз. Қазіргі Кедендік одақ, Еуро одақтар түптің түбінде сол бұрынғы «шыққан» жерімізге қайта апаруы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар бұрында да сан рет болған. Әйтпесе біздің сөздік қорымызда «Бодан» деген сөз болмаған болар еді. Себебі, әлді мен әлсіз, яғни аз халық пен көп халық және мәдени даму деңгейі әр түрлі елдер тең дәрежеде Одақ бола алмайды. Бұл қарапайым адамның, ұрыншақ, зорлықшыл адамдармен жолдас (сапарлас) болғанымен бірдай дүние. Тентектің алдынан «көп асқанға, бір тосқан шыққан» кезде қосақ арасында босқа кетесің. Бүгінгі санкцияға ілініп, дағдарысқа ұшырап жатқанымыз осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

        Сол Шумерлердің ежелгі атауы Май (Мая) деп аталған. Түйелі ауыл дегеніміз міне осы. Түйелі ауыл әлі сол бұрынғы ежелгі Атамекендерінде түйелерінде бағып, сол ежелгі  атауларын күні бүгінде де толықтай сақтап отыр. Маңғыстаудағы Атан, Үлек, Қараүлек, Бурабай, Мая, Қарамая (тау), Маямола, Маяботалаған, Ақмая, Ақтайлақ, Үлкен Қаратүйе, Кіші Қаратүйе, Қаработа,  Қаратүйе – Ман Ата атты топономикалық атаулар осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ. (С.Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-су атаулары» атты еңбегі пайдаланылды). Көкшетаудағы Шучье көлі мен Бурабай елді мекен атауының да шығу тегі осы. Алтайлықтардың «Ма Адай – Қара» эпостық дастанының да шығу тегі осы. Біздің Ұлы Аталарымыз өз тарихын осылай бір ауыз сөзбен жазған.

       Құрметті оқырман! Бұл тұжырым дауға жатуға тиіс емес. Еске ұстайық! Қазақ шежіресі, қазақтың сөз жасау қағидасы және оның сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) және сол жердегі топономикалық атаулар ешқашан жаңылысып көрген емес. Бұл қағиданы бүткіл жер бетінде қолданбайтын бірде-бір ел жоқ. Демек, олардың бәрі қазақтан тарады, яғни қазақ қағанатынан енші алып бөлініп шығып отау тікті деген сөз. Әрине солай. Әйтпесе, бүкіл адам баласы «топан суға» қарық болып, одан тек Нұқ пайғамбар қауымы аман қалса, одан кейінгі тіршілік тек қана осы қазақ даласынан басталады емес пе?

        Кәрі Қас бидің (Каспийдің) шығыс жағында орналасқан кәрі Маңғыстаудың «360 ӘУЛИЕЛІ КИЕЛІ МАҢҒЫСТАУ» деп аталатынының да бір сыры осы.

        Тарих тағлымы: Бүкіл жер бетіндегі сөз түбірінде Әз, Аз, Қаз, Хаз, Каз атауы бар ел мен жер, әр түрлі топономикалық атаулар мен ұғымдардың барлығы да бүгінгі Қазақтардың Ата-бабаларынан қалды дегенді білдіреді. Бұл кез-келген атаудың сөз түбірінде (өз түбінде)  Әз, Аз, Қаз, Хаз, Каз болса, осы ұғымдардың барлығының Атасы, яғни бүгінгіше айтқанда «авторы» Қазақтар деген сөз. Бұл бүкіл әлем елдерімен толықтай мойындалған ақиқат. Одан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Бүгінгі сөздік қорымыздағы Азия, Қазақия (сөз түбірі Азия),  Аз (Әз), Азау, Азаулы елдері, Азау (Азов) теңізі, Азамат (бұл ұғымды қолданбайтын ел жоқ), Қазақ елі, Қазақстан, Қазақмыс, ҚазМұнай, Қазмұнайгаз, ҚазМұнайӨнімдері, Қазпочта, Қазтелеком, Қазалтын, КазМУ, КазПТИ, Казком, Казцинк,  Казатом, Каз ГПЗ т.т. солардың жалғасы.

 Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

 Ұлт порталы