19 мау, 2017 сағат 06:20

Шүменов WBA белбеуінен айырылды

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті тұрақты чемпион белбеуінен айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұйымның жаңарған рейтингінде бұл титул кубалық Юниер Дортикостың еншісінде екенін көруге болады.

Еске салайық, Шүменов пен Дортикос сәуірде жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, осы себепті кездесу кейінге қалған.