03 шіл, 2019 сағат 12:59

Шұғыла ауданын газбен қамтуды Сағынтаев өз бақылауына алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы әкім Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Наурызбай ауданы. Тұрғындармен кездестім, толғандыратын мәселелерді талқыладық. Олар: ауыз су, абаттандыру, инфрақұрылым және электрмен жабдықтау. Іс-қимылдың арнайы жоспары жасалатын болады. Аудан әкімі @SanzharTogay-ға тиісті тапсырмалар берілді. Олар - менің жеке бақылауымда», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала басшысы Шұғыла мөлтек ауданында газбен қамтуға қатысты пікір білдірді.

«1 тамызға дейін газ келеді. Ол менің ерекше бақылауымда», - деді ол.