14 там, 2019 сағат 16:55

Шұғыл шаралар қабылдануы тиіс: Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаш кесу жөнінде

Үкімет Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.