22 нау, 2017 сағат 20:41

Штайнмайер Германияның жаңа президенті ретінде ант қабылдады

ГФР СІМ бұрынғы басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер бүгін Германияның жаңа президенті ретінде Берлинде ант қабылдады.

Бұл рәсім бундестаг және бундесраттың бірлескен отырысында өтті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Атап өтер болсақ, ол осы лауазымдағы Йоахим Гаукты алмастырды. Ақпанда Штайнмайердің кандидатурасын Федеральдық  жиналыс делегаттарының басым бөлігі (1260 депутаттың 931-і) қолдаған болатын.