21 сәу, 2019 сағат 20:59

Шри-Ланкада тағы жарылыс болды, қаза тапқандар саны 150-ден асты

Полиция жарылыс болған шіркеу маңында жүр. Коломбо, 21 сәуір 2019 жыл.

Халықаралық ақпарат агенттіктері Шри-Ланкадағы шіркеулер мен қонақ үйлердегі жарылыстан соң хайуанаттар паркінде де бомба жарылғанын жарыса жазды. Екі адам қаза тапқан. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ADAderana басылымы.

Жергілікті полиция дерегінше, барлық жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапқан, 400-ден астам адам зардап шеккен.

Шри-Ланка Президентінің баспасөз қызметі ел аумағында 12 сағатқа коменданттық сағат енгізілгенін хабарлады.

Сәуірдің 21-і күні Шри-Ланкада үш шіркеу және үш қонақ үйде жарылыс болып, жүзден астам адам қаза тапқан. Indian Express қаза тапқандар арасында 30-дан астам шетел азаматы болғанын хабарлады. Әзірге бірде-бір ұйым оқиғаны мойнына алған жоқ.