#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Шорт-тректен Әлем кубогы кезеңі: Абзал Әжіғалиев «күміс» еншіледі

  • 05.11.2018
  • 0
  • 328

Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл сайыста қазақстандық Абзал Әжіғалиев күміс медальға ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Қазақстан командасы үшін сәтті өтті. Қазақстандық спортшылар әлемдік деңгейде жоғары орындарға шығуға дайын екендіктерін көрсетті.

Осы тұста Абзал Әжіғалиевтің 500 метр қашықтықта өнер көрсетуін ерекше атауға болады. Ол Олимпиада чемпионы - қытайлық Дацзинге ғана (39.915) жол беріп, күміс медальді жеңіп алды. Айта кетейік, Абзал көрсеткен 40.136 сеундтық нәтиже Қазақстанның жаңа рекорды болып табылады. Ал сайыста үшінші орынды Венгриядан келген Шандор Лю иеленді.

«Маусымның басталуы сәтті болды. Бірінші күні жартылай финалға дейін жеттім, бірақ өкінішке орай, медаль ала алмадым. Бірінші кезеңнің соңғы күнінде финалға шығып, екінші орын алдым. Ақтық сында Олимпиаданың үш чемпионымен жүгірдім. Маусым енді басталды, жеңістеріммен әлі қуантамын деп үміттенемін», - деді Әжіғалиев.

1000 метр қашықтықта басты финалға Еркебұлан Шамұханов шықты. Оның қорытынды нәтижесі - бесінші орын. Ал финалға екі эстафеталық команда қатысты: әйелдер және аралас командалар. Екеуі де барлық қатысушы құрамдар арасында бесінші орынға ие болды. Әйелдер командасына Анастасия Крестова, Әсел Тайшманова, Ольга Тихонова және Йонг А Ким енген. Аралас құрамда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Анастасия Крестова, Йонг А Ким өнер көрсетті.

Алдағы күндері АҚШ-та өтетін екінші кезеңге Әжіғалиев қатыспайды. Онда команданың тек бір бөлігі ғана жол тартады. Әлем кубогының екінші кезеңі 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде өтеді. Ал аталған әлем Кубогының үшінші кезеңі 7-9 желтоқсанда Алматыда ұйымдастырылады.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар