13 қаз, 2016 сағат 13:53

ШҚО өкілдері көршілерімен тәжірибе алмаспақ

 

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған делегация бүгін Қызылжар ауданының Новоникольское ауылындағы «Зенченко и К» командитті серіктестігінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонақтар мұнда аталған кәсіпорын қаржыландыратын хоккей корты, ауыл клубы сияқты әлеуметтік сала нысандарымен танысты. Жыл соңына дейін мұнда амбулатория мен бассейн құрылысы аяқталмақ.

«Ең үлкен қолдауды осы нысандарды, біз өндіріп отырған өнімдерді субсидиялау түрінде әрине, мемлекет көрсетіп отыр. Осының барлығы компанияның қаржысына өндірілуде. Бұның барлығы тұрғындар осы ауылда тұрып, өздерін ыңғайлы сезіну үшін жасалған дүниелер»,-дейді «Зенченко и К» компаниясы директорының орынбасары Иван Зенченко. 

Командитті серіктестікте 750-ге жуық адам еңбек етуде. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бизнес пен мемлекеттің мұндай әріптестігі өзге кәсіпкерлер үшін үлгі болуы керектігін айтты.

Сонымен қатар қонақтар аймақтағы мал шаруашылығы кешенінде болды. Мұнда 7214 бас МІҚ бар. Олардың арасында бағуға арналғандары - 2 613, ал, бұзаулар - 254. «Карусель» атты сиыр сауатын германиялық құрылғы тәулігіне 105 мың басты қабылдай алады және күніне 20 литр сүт дайындайды.

Серіктестіктің барлық өнімдері сүт зауытында өңделеді. Ол жерден сүт пен ашыған сүттің 40 түрі шығарылып, олардың барлығы да Қазақстан аймағына таратылады.

Мұндай базалар шаруашылықта екеу. Олардың әрқайсынының құрылысы құрылғыларды қоса алғанда 75 млн теңгеге алынған. Даниал Ахметовтың айтуынша, мұндай тәжірибені солтүстікқазақстандық әріптестермен алмаспаса болмайды.

«Біз неліктен өзімізде 400 млн теңгеге 400 басқа арналған сүт фермасы салынып жатқанын, ал, мұнда 75 млн-ға салынғанын түсініп алуымыз керек. Осы ретте мен ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығына олардың неліктен Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелерін үйренбей жүргендігін сұраймын»,-деді Даниал Ахметов.

Сапар соңында қонақтар жылқыларды тамашалады. Кәсіпорында олардың саны 300 бас. Олардың үштен бірі асыл тұқымды.