06 қыр, 2018 сағат 16:52

ШҚО мeктeптeріндe 50 ІТ-сынып aшылды

Жаңа оқу жылында Сeмeйдe жaлпы білім бeрeтін 50 мектепте IT-сыныптар ашылды.

Өңіpдің 50 мeктебінде рoботoтехникa кaбинеттeрі жұмыс icтейтiн бoлды. Бұл цифpлық тeхнoлoгиялaрды дaмытуғa бaғыттaлғaн Мeмлeкeт бaсшысының тaпсырмaсы және «Нұр Отан» партиясының бaстaмaсымeн «Menіn mektebіm» жoбaсы aясындa жүзeгe aсырылып oтыp.

IT сыныптарға қажетті құрал-жабдықтар демеушілердің көмегімен сатып алынған. Әрбір сынып 11 ноутбук, диодты экран, робототехника жиынтықтары, 3D принтерлермен жабдықталған. Мектеп оқушылары робототехника, модельдеу, бағдарламалау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негіздерін үйрену үшін заманауи жабдықтармен жұмыс жасайтын болады.

Оқушыларға бес модуль бойынша теориялық және практикалық дайындықты аяқтаған мұғалімдер білім береді. Барлығы 100-ге жуық информатика пәнінің мұғалімі робототехникалық жобаларды модельдеу, бағдарламалау бойынша  білімдерін жетілдірген.

Мұндай IT сыныптардың оқушыларға берері көп болмақ. Болашақта мектеп бітірген жас талапкердің дайын маман болуына да айтарлықтай септігін тигізбек.

«Қалада мектеп оқушыларына арналған цифрлық  білім мен дағдылардың қол жетімді болуын қамтамасыз ету қарастырылған. Мұнан өзге цифрлық сауаттылықты арттыру және ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытып, қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді» – дейді Семей қаласының әкімі.

Бастауыш сыныптың оқушыларына сабақ ойын түрінде, көрнекі құралдар арқылы жүргізіледі. Ал, 4-5 сыныпта роботтық жүйелер, 6 сыныпта веб-дизайн негіздері, 7-9 сынып 3D модельдеу, 10-11 сынып оқушылары мехатроника және логикалық контроллерлерді бағдарламалауды үйренетін болады.

Естеріңізге сала кетелік, жазғы демалыс кезінде ШҚО-да орта мектеп ұстаздары робототехника және IT-технологияларымен заманауи кабинеттерінде жұмыс  жасау бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен болатын.

Курс 5 апта бойына өткізілді. Ондағы 3 апта ұсынылған бағдарламаның теориясын оқуға, ал қалған 2 апта ұстаздардың алған білімдері мен дағдыларын өз беттерімен тәжірибе негізінде көрсетуіне арналып өткізілді.

IT-технологияларды мұғалімдерге оқыту үшін арнайы бағдарлама ретінде Семейдегі «Junior training» курсының даярлаған авторлық жобасы бекітілді.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынып жүзеге асырылған болатын.