24 қаң, 2020 сағат 09:30

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуде

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілуде, – деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 «24 қаңтар сағат 11.00-ден бастап «Өскемен – Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай - Рахман қайнары» тасжолының 7-66 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Бұл аумақта құтқарушылар қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын жүргізуде» - деп хабарлады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да екі рет қар көшкіні жүрген болатын.