08 там, 2019 сағат 19:19

ШҚО-да ұры мешіттің есігін бұзып кіріп, садақа жәшігіндегі ақшаны алып кеткен

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы мешіттен ақша ұрланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, мешіт қызметкері ақшаның ұрланғанын полицияға 5 күн өткен соң ғана барып хабарлаған.

«Үржар аудандық полиция бөліміне 53 жастағы мешіт қызметкері шағымданды. 2-3 тамыз аралығында белгісіз адам ауылдағы мешіттің есігін бұзып кіріп, жәшіктегі 8 мың теңгені жымқырған. Жедел іздестіру шараларының арқасында 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Күдікті кінәсін мойындады. Заттық айғақтар алынды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-тармағы бойынша тергеу басталды.